Жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту туралы
qarmaqshy-tany.kz Еліміздің экономикалық дамуында жаңа жұмыс орындары мен жұмыс жасаушы азаматтардың рөлі ерекше. Осы ретте "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы No259 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, аудан көлемінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызметтер туралы қысқаша түсіндірмені назарларыңызға ұсынамыз.
Бекітілген қағиданың 2-тарауында көрсетілгендей, жұмыс іздеп жүрген азаматтар төмендегідей тәртіппен тіркеле алады:
2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі
4. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:
1) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы;
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жүзеге асырылады.
5)Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші жұмыспен қамту орталығына және Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес келетін құжаттарды ұсынады.
Жеке басын куәландырғаннан және "Еңбек биржасы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.
6. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ заңды өкілдерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішін ұсынады.
Тұрғылықты жерінде жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда, яғни, ауылдық округтерде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу осы қағиданың 1-параграфы, 15-24 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады:
15. Ауылдық елді мекенде жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда ізденуші ауылдық округ әкімдігінің аппаратына ассистентке жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жүгінеді. Ассистент ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде алдын ала тіркеуді жүргізеді.
16. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Ассистент ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.
17. Ассистент ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына дербес деректерді енгізеді. "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда ассистент жұмыспен қамтудың жеке картасын электрондық нысанда немесе қағаз түрінде толтырады.
18. Ассистент осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып, ізденушіні санаттарға бөлуді жүргізеді.
19. Ассистент "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.
20. Ассистент ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйектілігін анықтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көр сетілген құжаттарды жібереді.
21. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді, ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды және ізденушіге ассистент немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы тіркеу күні туралы хабарлайды.
22. Ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қайта жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің бұрын ұсынған дербес деректері мен мәліметтерінің дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады (немесе) және жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді енгізеді.
23. Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде келіп түседі.
24. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.
Сонымен қатар, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тіркеу, осы қағиданың 4-параграфына сәйкес, «электронды еңбек биржасы» арқылы жүзеге асырылады.
4-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы тіркеу тәртібі
30-1. Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
30-2. Ізденуші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" өзінің тұрғылықты жеріне сәйкес жұмыспен қамту орталығын таңдайды.
30-3. Ізденуші енгізген жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде "Электрондық еңбек биржасы" ақ параттық порталында ізденуші туралы дербес ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұй ымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу қалыптастырылады.
30-4. Ізденуші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" дербес деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алуға өтінімді толтырады.
30-5. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
30-6 Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адамның жұмыспен қамтылуының жеке картасы автоматты түрде қалыптастырылады.
30-7. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарламаны "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталындағы "жеке кабинетіне", сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысына хабарлама беру арқылы жібереді.
30-8. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-бөлімінің 4-параграфына сәйкес бос жұмыс орындарын автоматты түрде таңдайды.
30-9. Жұмыс іздеп жүрген адам "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы және жұмыспен қамту орталығы арқылы алынған бос жұмыс орындарына үн қатады.
Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісу немесе одан бас тарту туралы хабарлайды.
Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тіркелу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы No259 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
1; Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса) ұсынады.
Жеке куәлік пен деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2. Портал немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мәліметтер нысанын толтырады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Осы қосымшаның 9-тармағына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтер осы Стандартта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тіркелу үшін толық ақпаратты Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі, No10 үй мекен-жайында орналасқан «Қармақшы ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не және 8(72437)2-26- 40 байланыс номері арқылы ала алады.
"Қармақшы ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ