Тіс гигиенасының маңызы
qarmaqshy-tany.kz Адам өмірінде тіс екі рет шығады. Алғашқы шыққан тістер – сүт тістері деп аталады. Бұл тістер ана құрсақ көтергеннен бастап 6-7 апталығында ауыз қуысының көпқабатты жалпақ эпителиясында эпителиялды пластина түрінде пайда бола бастайды.
Нəресте дүниеге келген соң төмендегі мерзімде сүт тістері бірінші төменгі жақтан бастап бірінші сүт күрек тістері 6-8 айында, екінші күрек тістері 8-12 айында, үшінші тістері (клык)16-20 айында шыға бастайды.
Бірінші мерзімде үлкен азу тіс 14-16 айында, екінші азу тістері 20-24 айда пайда болады. Сонымен 2 жастағы баланың астыңғы жəне үстіңгі жағында он-оннан жалпы 20 сүт тістері болуы керек.
Екінші мерзімде баланың 5 жасынан бастап сүт тістерінің тамыры жойылып (рассасывание) тіс сауыты қызыл иек еттерінде ғана бекітіліп тұрады, əр сүт тістерінің астынан тұрақты тістер жарып шыға бастайды. Тұрақты тістердің шығу мерзімі төмендегідей:
Төменгі жақтан бастап алдыңғы бірінші күрек тістері 6-8 жаста, екінші күрек тістері 7-9 жасында, үшінші күрек тістері (клык) 10-13 жасында, бірінші үлкен азу 5-6 жасында, бірінші кіші азу (премоляр) 9-10 жасында, екінші кіші азу (премоляр) 11-12 жасында, екінші үлкен азу 12-13 жасында, үшінші азу (ақыл тіс 8-ші) 18-ден бастап 25-ке дейін одан да ары кетуі мүмкін. Себебі, сүт тістері өз мерзімінде ауыспаса, астынан шығып келе жатқан тұрғылықты тіс өзіне ыңғайлы жерден міндетті түрде жарып шығады.
Тіске қосарланып (ұры тіс) мұрынның асты, таңдай, тағы басқа да өз ор- нынан шықпаған тістер ерінді, тілді жарақаттайды, қыз балаларға эстетикалық, косметикалық ыңғайсыздықтар тудырады.
Ең маңыздысы тістің шығуы жəне алмасу мерзімдерінің ауытқу процестері бет-жақ сүйектерінің аномалиясына (кемістік) əкеп соқтыруы мүмкін.
«Анасы саудың – баласы сау» демекші, болашақ анаға баланың денсаулығы жəне бала тісінің дамуына əсері өте мол. Сондықтан болашақ ананың дұрыс тамақтануы, витаминдер, кальций препараттарын қалай, қай кезде қабылдау керек екенін, өзінің учаскелік балалар дəрігерінен кеңес алып қабылдауы қажет.
Жылына 1 рет стоматолог дəрігерге ауыз қуысын тексертіп тұрғаны дұрыс. Балаға 3 жасынан бастап тіс гигиенасын үйретудің маңызы өте зор.
Алмас ҚАРЖАУБАЕВ,
аудандық орталық аурухананың стоматолог дəрігері, стоматология бөлімінің