» » Бас прокуратурада үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бас прокуратурада үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен есірткі құралдарының заңсыз айналымы, сондай-ақ азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметінің тиімділігі мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған құқық қорғау және арнаулы органдардың, бейінді министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі адамдар қатысты.
Бірінші мәселе бойынша отырысты ашқан қадағалау ведомствосының басшысы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында бірқатар заңнамалық және практикалық шаралар қабылданғанын атап өтті. Жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді.
2020 жылдан бастап есірткіні интернет арқылы тұтынуға және өткізуге көндіру қылмыстардың ауыр және аса ауыр құрамына жатқызылды. Есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Осы бірлескен шаралардың барлығы есірткі қылмыстылығын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
«ІІМ мен ҰҚК ағымдағы жылдың өзінде 64 есірткі зертханасын жойды. Шамамен 13 тонна есірткі, оның ішінде 33 келі героин және 500 келі синтетика тәркіленді. Тек осы жылы есірткі сататын 1400 сайт бұғатталды. Алайда алда әлі көп жұмыс күтіп тұр, жағдай әлі де күрделі», – деді Берік Асылов.
Осыған байланысты қылмыстық қудалау органдарының басшыларына, облыс прокурорларына ұйымдасқан топтарды, контрабанданы, есірткі зертханаларын, есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарын анықтауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды. Өз кезегінде ІІМ есірткіге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды сапалы пысықтауды және бекітуді қамтамасыз етуі қажет.
Екінші мәселеде азап тауларға және тергеу мен анықтаудың басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы тұрудың тиімділігі талқыланды. Бас Прокурор Президенттің азаптауларды жою бойынша нақты міндет қойғанына назар аударды. Бұл үшін олардың алдын алу бойынша қажетті құқықтық шаралар қабылданды.
Қылмыстық заңнамада азаптаулар туралы жеке бап көзделген және жаза күшейтілген. Жаңа жылдан бастап азаптауларды тек прокурорлар тексеретін болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың арыз беруі үшін терминалдар орнату жалғасуда. Колонияларда, тергеу изоляторларында және қылмыстық қудалау органдарының қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылау енгізіледі. Осы және басқа да шараларды халықаралық сарап шылар, оның ішінде БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің өкілдері оң бағалады.
Қазіргі уақытта азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен бұйрықтың жобасы әзірленді, оның негізгі міндеті азаматты ұстау және қылмыстық қудалау органдарына жеткізу сәтінен бастап рұқсат етілмеген әдістердің алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, процестік мәртебесі жоқ адаммен келіссөздер, әңгімелер, сауалнамалар жүргізуге тыйым салынады. Азаптауларды қолдану шарттарын жоюға мүмкіндік беретін басқа да шаралар көзделген.
Берік Асылов азап таулардың жүйелі проблемаларына, себептері мен шарттарына, сондай-ақ оларды барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жою қажеттігіне назар аударды. ІІМ-ге өз еркімен ұстауға негіз болатын ішкі нормативтік актілерге ревизия жүргізу және оларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру тапсырылды. Сонымен қатар, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабын мүлтіксіз орындау қажеттігі атап өтілді, оған сәйкес қызмет керлері азаптауға немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын жүйелі түрде бұзған басшылар қызметінен босатылуға жатады.
Қорытындылай келе, қадағалау органының басшысы облыс прокурорларынан Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңадан құрылған өңірлік өкілдерімен, құқық қорғау ұйымдарымен және заң қоғамдастығы мен өзара іс-қимыл орнатуды талап етті.
Байқоңыр қаласының прокуратурасы
20 желтоқсан 2022 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 232

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 336

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930