» » Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың парызымыз


qarmaqshy-tany.kz Елбасымыздың әр жылғы халыққа арнаған жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен тек қана мемлекеттік қызметкерлер емес барша болып күресу керектігі айтылады. Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі, дегенмен «алтын көрсе періште жолдан таяды» деген жемқорлар қолдарын жеке бас мүдделігінен аулақ ұстауын қояр емес.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Экономикамыз дамып өскен сайын оның да қадамы көбеймесе азаймақ емес. Жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан мемлекет меншігіне қол сұғу жең ұшынан жалғасып пайда табу сияқты жағымсыз қылықтар өршіп тұрғаны мәлім. Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық психологияға бейім болуы моральдық - этикалық санасының болуына байланысты. Өкінішке орай халықтың ортасында кәсіпкер не қарапайым азамат болсын, заңды тұрғы да шешетін мәселесін заңды тұрғыдан шешпей, жемқорлықпен ұштасқан жолмен шешуге жағдай жасайтын қарым-қатынастар бар екені ақиқат.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдан астам уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, саясаттың арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
04 желтоқсан 2022 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031