» » Рухани тәрбие адамгершілікке жетелейді

Рухани тәрбие адамгершілікке жетелейді

qarmaqshy-tany.kz Балалар жылы аясында «Жас Ұланның жұлдызды жылы» тақырыбындағы жылдық акциясында музей сағаты өтті. Бұл қазіргі таңда музейдің мәдени білім берудің тиімді әрі заманауи түрлерінің бірі. Жаңа әдістеме жаңа жанрды, тың техниканы үйренуге, авторлық бағдарламаны меңгеруге, педагог-маманмен тікелей тіл табысуға мүмкіндік береді.
Ұтымдылығы – теориялық бөлім жеке жұмыс пен тәжірибе жинақтаудың үйлесімділігінде болады. Десе де мектеп жанындағы «Сыр елі – жыр елі» дегендей, жыр шайыры Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына сәйкес өткізілген музей сағатына мектептен 47 оқушы қатысты. Оған қатысу үшін сыныптар арасында Тұрмағамбет шығармашылығындағы өлеңдерді жатқа айтудан жарыс өтті. Содан соң «Сыр елі – жыр елі» тақырыбындағы мектеп музейін жатқа танудағы сайысқа жалғасты.
Бірінші музейді оқушыларға таныстыру бойынша үздік өнер көрсеткен 9 сынып оқушысы Жұлдыз Төлеуова сөз алды. Сондай-ақ мектепте оқитын Тұрмағамбет атаның шөпшегі 2-сынып оқушылары Айни Нөсербек мен Айару Әнуарбек оның өлеңдерін жатқа айтты.
Берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық жұмыстармен танысып, жатқа айтуды үйрендік. Музей сағатын өту бәсекеге қабілеттілікті шыңдайтынына көз жеткіздік.
Көрме жұмысы аясында тарих пәні мұғалімі Раушан Бектасова ұстазымыздан рухани күш алдық. Музей сағатына қатысқан оқушының барлығы дерлік Тұрмағамбет атамыздың өлеңін жатқа айта білді.
9-сынып оқушылары Іңкәр Бижан, Гүлжауһар Оңалбай, Қарақат Разақова домбырамен жыр-терме орындады. Жыр-термені тыңдау бір бөлек, түсіну бір басқа екен.
Музей ішіндегі жәдігерлер жайлы бейнеролик пен слайдтар көрсетілді. Біз көзбен көрген виртуалды жұмыс түрінен көп мәлімет алғандығымыз жайлы ойымызды ортаға салдық. Музей жайында мек- теп оқушылары терең білуі тиіс. Іс-шарадан мектеп оқушылары рухани азық алды. Ал рухани тәрбиенің болашағы зор.
Қарақат РАЗАҚОВА,
No29 мектептің оқушысы
30 қараша 2022 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930