Ғаламтордағы діни ағымдардан сақ болыңыз!
qarmaqshy-tany.kz Интернет-ол қарапайым тілмен айтқанда дүниежүзін байланыстыратын желі. Интернет сөзінің қазақша аудармасы-ғаламтор.
Ғаламтор кез-келген технология секілді пайдасы мен зияны, артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүретін күрделі құбылыс. Уақыт өткен сайын ғаламтордың пайдасымен кеселін сараптап, пайдасын арттырып, кем тұсының әсерін кемсітуге ұмтылған жөн.
ҒАЛАМТОР арқылы адам кез-келген уақытта және қай жерде болмасын, қалаған мәліметіне қол жеткізе алады.
Аз уақыттың ішінде қажетті мәлімет табуға көмектеседі. Алайда абай болмасақ ҒАЛАМТОР уақытымызды босқа кетіруі жалған мәлімет беруі, діни экстремизмге, тіпті азғындыққада итермелеуі мүмкін.
Бүгінгі таңда көптеген жастар ғаламторда ұзақ уақыт отырады. Соның салдарынан теріс мәліметтерге тап болып, психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады.
Ғаламтор арқылы жарияланған діни мәліметтердің дұрыстығына көз жеткізбестен қабылдап, отбасы мүшелерінен теріс айналып жатады. Экстремистік сайттар адам санасын улап, өз идеологиясын тықпалап жатады. Мұндай уақытта біздерге қырағылық қажет.
Егер Сіз, ғаламтордан діни сайттарды кездестірсеңіз, онда ол сайттың сенімділігіне көз жеткізіңіз. Оқылған ақпараттарды бірден көңілге тоқымаңыз. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды. Расында да интернет тиімді құралына айналып отыр.
Ғаламтордың көмегімен көптеген адамдар жасырын түрде дін туралы бұрмаланған және теріс пікірлерін білдіруге кепілді мүмкіндікке ие болды. Адам виртуалды әлем арқылы өзіне не ұнамайтыны және кім ұнамайтыны туралы айтады. Әр адамға қателесу тән екенін ескерсек, елдердің мемлекеттік құрлымы, халықтар, соның ішінде дін тақырыбында өзінің білім деңгейін ескерместен сөз қозғайды.
Ғаламтор белгісіз виртуалды шейхтердің, құзырсыз радикалдық топ басшыларының үндеулеріне, өз білімсіздігі мен фонатизімдеріне мас болған тұлғалардың ой-пікірлеріне толы.
Ғаламтордан алынған осындай материалдардың әсерінен өзінің жалаң да қасаң пікіріне сенген және жеке басының кемшіліктері мен тілектеріне мойынсұнып, өзін де, өзгені де алдап жүрген адамдарға келетін болсақ, оларға біз ықпал ете алмайтынымыз кәміл.
Қазіргі таңда дінді дәстүрлі түрде насихаттайды және түсіндіретін ғалымдардың кітаптары мен еңбектері қажетсіз болып отыр. Өйткені, жастар уақытының көбін Ғаламторда өткізеді, ал бұл кеңістікті дінді жеке мақсаттарына пайдаланатын Ислам атынан фонатизм мен жат радикалдық идеяларға насихаттайтын түрлі сайттар басып алған. Сайттардан, кіиаптардан, кітапшалардан нақты және толыққанды ақпарат алу мүмкін емес, сондай-ақ алынған мәліметті айналаңдағыларға таратуға болмайды. Адамдар түсінігі, білім деңгейімен ерекшеленеді және әр адам оқыған және көргендерін әр түрлі қаабылдайды. Егерде осындай адамның жанында діни білімі жоғары адам болса, ол жылдар бойы өзі адасып қана қоймай, өзгеніде адастыруы ықтимал.
Ғаламторда көрген, оқыған және естіген нәрсенің барлығын саналы түрде сараптаған жөн. Асығыс шешім қабылдаудан, ойланбай істеген әрекеттерден сақ болыңыз.
Кез-келген мәліметті, әсіресе дін тақырыбындағы мақалаларды оқығанда төмендегі мәселелер бойынша назар аударыңыз:
Осы мәліметтің авторы кім?
Оған сенім артуға бола ма?
Мәлімет не мақсатпен жарияланды?
Мәліметтің мазмұнымен бірден келісе салмаңыз!
Ол мәселеге бір жақты қарап отырған жоқ па?
Автор мәліметті қайдан алған?
Бұл ескіріп қалған мәлімет емес пе?
Мақалада негізге алынған ғалымдар?
Тағы да басқа осындай мәселелерге мән берген жөн.
Бұл күнде сайт ашу, оған ақпарат орналастыру кез-келген адамның қолынан келеді және ол мәліметтер кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан сайттарды пайдаланғанда оның сенімділігі мен ақпараттардың нақтылығына мән беріңіз.
Сіз немесе сіздің балаңыз ғаламторда ұзақ отыру арқылы отбасы мен достарына аз көңіл бөліп, маңызды істерге немқұрайлы қарай бастауы мүмкін. Ендеше, ғаламторды шектен тыс қолданып, оған тәуелді болып кетуден абай болайық.