» » "Зорлық - зомбылықсыз 16 күн"

"Зорлық - зомбылықсыз 16 күн"

qarmaqshy-tany.kz Ауданымызда "Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" акциясы жалғасуда. Қоғамда, өкінішке орай, түрлі зорлық-зомбылықтар орын алып жатады. Тек нәзік жандыларға ғана қатысты емес, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау мәселесіне жасөспірімдер де ұшырап жатқаны алаңдатады. Жалпы зорлық-зомбылық адам денсаулығына физикалық тұрғыдан қауіп төндірумен қатар, психикалық денсаулыққа да зиян әкелетіні сөзсіз.
Жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестер, сабақтан себепсіз қалу, әлімжеттік жасап,жеке заттарын тартып алу,ақша талап ету,бопсалау сынды, түнгі мезгілде көшеде жүру,бос уақыттарын оңтайлы пайдаланбау,зиянды әрекеттерге бой алдыру сияқты келеңсіздіктердің алдын алуда сала мамандары тынымсыз еңбек етуде. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 28 қарашасында "25 қараша мен 10 желтоқсан" аралығында өтіп жатқан «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына орай, ЖДО және СӨСҚ мамандары психолог Ә.Кетебаева, медбике Д.Құлмырзаева,М.Бековалар, Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жетекшісі, капитан А.Касимовалар бірігіп, аудандық емханада пациенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, емханаға келуші аудан тұрғындарына іс-шара мақсаттары туралы ақпараттандырып,берілген тапсырмаларға байланысты, жоспарланған іс-шара бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар таратты.
Акцияны өткізудегі мақсатымыз: шаңырақты шуаққа бөлеп отырған әйелдерге, болашағымыздың жалғасы - жастарымызға қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтардың, келеңсіздіктердің алдын алу. Балаңыздың болашағына бүгіннен бастап жауаптылықпен қарап,отбасы тәрбиесіне мән беріңіздер дейміз.
Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз жедел желі 102-ге хабарлаңыз!
Егер сізде қандай да бір мәселе туындап,ой бөлісіп,кеңес алуға мұқтаж болсаңыз 8-800-080-22-26 "Сенім" телефоны 24/7 сағат бойына психологтар қызмет жасайтынын хабарлаймыз. Қоңырау шалу тегін, құпиялылық сақталады.
 
29 қараша 2022 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930