» » Темір жолшылар тәртіпті талап етеді

Темір жолшылар тәртіпті талап етеді

qarmaqshy-tany.kz Тарихы тереңді бойлаған теміржол саласы егемен еліміздің экономикасының күретамырының бірі. Осы тұрғыда тоғыз жолдың торабында орналасқан Жосалы стансасының алар орны ерекше.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Үкіметке қарасты теміржол саласы «Қазақстан теміржолы» АҚ болып өзгеріп, оған еліміздегі теміржол мекемелерінің барлық бөлімдері осы қоғам қарамағына өтті.
Ал бұған дейін аудан тұрғындарына ПЧ-57 теміржол жол дистанциясы деген атаумен таныс болған мекеме бірер жыл бұрын Қазалы ПЧ-60 жол дистанциясы қарамағына өтіп, бүгінде аталмыш теміржол мекемесінің Жосалы стансасындағы No5 телімі бо лып аталады.
Осы ретте айта кетер жайт, 38 жылдық жұмыс өтілі бар сала майталманы Шымберген Ерханов басшылық ететін No5 теміржол телімінде бүгінде 46 теміржолшы еңбек етеді. Олар Жосалы стансасынан бастап, Қаракеткен разъезіне дейінгі аумақтағы теміржол бойында орналастырылған рельске жөндеу жұмыстарын жүргізеді және оларды күтіп ұстайды. Телімде ПЧ-60 теміржол мекемесі басшысының орынбасары Ғалымжан Қарымсақов, инженер-технолог Ербол Омаров, техник Гүлназия Ташмағамбетова, жол жөндеу шеберлері Әлихан Биманов, Жеңісбек Таңбаев және жол жетекшісі Балтабек Шәкиев, бригадир Нұрлан Ақышев сынды сала майталмандарымен бірге өнегелі де үлгілі істерімен құрметтілер қатарынан көрініп жүрген сала ардагерлері бар. Дүйсенбек Орынбаев, Жақсан Тынымбаев және басқа да аға буын өкілдері бүгінгі жас буын өкілдеріне өмірлік тәжірибелерін үйретудегі үлгілі істерімен танылып келеді.
Телім басшысы Шымберген Ерханов жыл көлемінде мекеме бойынша атқарылған жұмыстарды саралай келе, алдағы жоспарлар жайын бізге былайша әңгімеледі.
– ПЧ-60 теміржол дистанциясына қарасты мен басшылық ететін No5 телімде жоғарыда айтқанымыздай 50-ге жуық сала маманы Жосалы стансасына қарасты аумақтағы теміржолға күтім жасап, оған күрделі жұмыстарын жүргізумен айналысады. Әрбір теміржолшының басты міндеті тәртіп және біздің де оларға қояр басты талабымыз тәртіп пен жауапкершілік. Сонымен қатар, біздің тағы бір басты міндетіміз осы аумақтан өтетін жүк және жолаушылар пойызының қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз ету. Осы мақсатты сапалы орындауда сала майталмандары өздеріне тиесілі міндеттерін аса жауапкершілікпен атқаруда тынбай еңбек етеді, етіп те келеді. Жақында Жосалы стансасындағы көп жылдардан бері жөндеу көрмеген 8 жанама жолындағы рельске күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ағаш шпалдарды бетон шпалға ауыстырдық. Осындай жұмыстарды дер кезінде сапалы әрі тез атқаруда теміржолшыларымыз үлгілі істерімен танылды. Иә, саналы ғұмыры өздерінің өміріне серік болып келе жатқан сала мен байланыстырып жүрген көптеген майталманымыз осы мамандықтан нәпақасын тауып, құрметтілер қатарынан көрініп келеді. Бірлігі мен берекесі тасыған осындай ұжымда ерен еңбегімен елге танылған көптеген маманымыз салалық, тіпті аудандық, облыстық әкімдер тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Мұны мен ұжымның ауызбіршілікті жұмысының жемісіне балаймын, – дейді телім басшысы Шымберген Ерханов.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
27 қараша 2022 ж. 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 292

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 387

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930