» » Аутизм қандай ауру?

Аутизм қандай ауру?

qarmaqshy-tany.kz Бірде балаларды нағашы ауылына апармақ болып пойызға міндік. Бала болған соң тыныш қарап отыра алмайды. Аздап ұйықтап тұрған соң ойнауға кірісті. Сәлден кейін көрші купедегі өзі қатарлы баланы көзіміз шалды. Әрлі-берлі дәлізде жүрді де балалардың қасына жақындады. Ойымызда ештеңе жоқ, «танысып ойнай беріңдер» деп қоямыз. Біраздан соң әлгі баланың сөйлемейтінін байқадық. Ыңылдап дыбыс шығарғаны болмаса тіл қатпайды. Мұны балалар да аңғарды.
Баланы бір қарағанда сөйлей алмайды деп еш ойламайсыз. Әйтсе де оның қабылдауының басқа деңгейде екенін көруге болады. Иә бұл соңғы уақытта жиі кездесетін аутизм не тілдің кешеуілдеуі болуы мүмкін. Бүгін осының алғашқысы туралы кеңірек тарқатсақ.
Аутизм – ауру емес. Тек баланың даму деңгейінде ауытқу бар деген сөз. Мұның қалай пайда болғанын, не әсер ететінін ғалымдар әлі күнге дейін зерттеу үстінде.
Алғашқыда дәрігерлер бала қараусыз қалып, үйде жалғыз болғандықтан осындай дертке шалдығады десті. Кейін келе бұл пікірді жағаға ысырып тастады. Дәрігерлер аутизмге жүктілік пен босану барысындағы денсаулықтағы кінәраттар, бас-ми жарақаттары мен инфекциялардың салдары, мидың туабітті дисфункциясы, ақпаратты өңдеуге қажетті нейрондық құрылымдарының дамымай қалуы себеп болатынын айтады.
Аутизмнің де түрлері бар. Лора Уингтің әдісіне сүйенсек, аутизмді: әлеуметтік өзара әрекеттестіктің болмауы, қызығушылықтың шектелуі мен мінездегі қылықтарының қайталануы секілді үш белгісінен анықтауға болады. Мамандар нәресте шақта балада кез келген қимыл мен дыбысқа шамадан тыс үрейлену мен жылау реакциясы, тілдің кеш шығуы, оғаш әрекеттер, қарым-қатынас жасауға құлықсыздық, сөздік қорының жасына сай болмауы, сөйлеген кезде дауыссыз дыбыстардың аз болатыны сияқты белгілерді атайды. Қысқасы, бұл балалар өзімен жастыларға қарағанда сөздерді араластырып, ым-ишарамен сөйлейді, қажетін сұрауға, көргенін айтуға, өзі сияқты балалармен ойнауға қызығушылық танытпайды.
ЕРТЕ БАСТАЛСА... Баланың даму деңгейінен ауытқушылықты неғұрлым ерте байқасаңыз, түзету де соғұрлым жеңіл болмақ. Өйткені аутист бала үшін терапия маңызды. Оның үнемі бақылауда болғаны дұрыс.
Мәселен, сіз 2 жасқа дейінгі баламен жұмыс істеу кезінде нәтижені 3-6 ай аралығында көретін болсаңыз, ал 4 жаста мұны 7-12 ай аралығына созылу қаупі бар. Мидың нейтрондық байланыс жылдамдығы 2 жасқа дейін 70% қарқынмен жүрсе, 2-6 жаста 20%, ал 6 жастан жоғары 10% қарқынмен жүреді.
Олар қоршаған ортадан алыстап, өз әлемінде өмір сүреді, өзінің ойындағы әлем шынайы өмірден алшақтатады. Жаңа нәрсеге қызықпайды әрі оны танып-білуге де құштар емес. Осындай балалармен қарым-қатынас жасауда, қоғамға бейімделуіне, отбасымен сөйлесуінде көптеген қиындық кездеседі. Қанша қиын болса да, олар жылы құшақ пен үлкен қолдауға зәру.
АУТИЗМ ӘЛЕМДЕ ҚАЛАЙ? Әлемдік статистикаға сүйенсек, шамамен жер бетіндегі 10 млн адам осы дертке душар болған. Бұл – әлемдегі әрбір 76-шы бала аутизммен ауырады деген сөз. Ал бұдан он жыл бұрын әрбір 150-ші баладан ғана аталған синдром байқалатын еді. Мамандардың болжауы бойынша, енді он жылда планетаның әрбір 30-шы тұрғынының аутист болу қаупі бар.
Аутизм диагнозымен-ақ алты құрлықтың алдын орап, өнер, білім мен ғылым, спорт сияқты сан қырлы салада есімін ерекше шегендеген тұғырлы тұлғалар да бар.
Бала бойындағы өзгерісті зерттеуші мамандар «психикалық ауытқушылығы бар» деп есептелінетін адамдардың дамуын тежейтін бірнеше себепті анықтаған. Мысалы, аутистердің дамуына бала кездегі желшешек, тұмаумен ауруы, химиялық заттардан уланып қалуы әсер еткен. Кейбір балаларда анасынан айырылу, қатты күйзеліс, қандай да бір триггер баланың денсаулығының нашалауына алып келген. Бұлардың барлығы болмаған күннің өзінде бала бойында аутизмнің белгілері болуы мүмкін. Алайда дені сау аутистің сыртқы себептерден келген зиянды әсері болмаса, аутистердің басқа адамдар секілді жоғары жетістіктерге жетуі жиі кездеседі. Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн секілді тарихта аты қалған әйгілі тұлғалар жетістікке жетуде аутизм кедергі емесін дәлелдеп кетті. Аңызға айналғандарды айтпағанда, бүгінгі миллиардер Илон Маскке де дәрігерлер аспергер синдромын қойған. Оның осындай дәрежеге жетіп, ақыл-есі жоғары адамдардан да асып түсуіне себеп болған дүние космосқа деген қызығушылықтан басталған. Не болмаса, спортшы Майкл Фелпс. Оған да дүниеге келген кезде-ақ «аутизм» диагнозы қойылған. Бірақ суға деген қызығушылық оның да талантын ашып, туабітті кемшілігін түзеуіне септігін тигізген.
БІЗДІҢ ЕЛДЕ ШЕ? Әлемі бөлек аутист балаларды тізімдеу жүйесі 2010 жылдан бастау алған болатын. Десе де бұл дертке шалдығатындар саны елімізде соңғы жеті жылда 5 есеге артқан. Биыл денсаулық сақтау министрлігі осылай дабыл қақты.
Жыл басында Қазақстанда аутизмге шалдыққандардың ресми тіркелген саны 4887 адам болды. Жыл сайын аутизмге шалдыққан балалар қатары көбейіп келеді. Елімізде 2016 жылы – 285, 2017 жылы – 394, 2018 жылы – 476, 2019 жылы – 645, 2020 жылы – 756, 2021 жылы – 1 184 аутизммен туған бала бар екені анықталған.
АУЫРТПАЛЫҚ АТА-АНАДА Аутист балалары бар ата-аналар оны ерте жастан бастап анықтау, түзету, күнделікті үйрету әдеттерінен бөлек қоғамның түсі- ніспеушілігімен де бетпе-бет келуге мәжбүр. Иә кейде қоғам мұндай балаларды қабылдай алмай жатады. Олардың түсініксіз әрекетін еркелікке балап «бетімен кеткен» тәрбиенің нәтижесі деп ойлайды. Десе де барлығы ата-ананың ерік-жігеріне байланысты екенін де ұмытпаған жөн.
Сырт қарағанда сап-сау көрінгенмен сананы сәби қалпынан өзгерпей дамуын тежейтін аутист балаларды түзетуде ата-анаға жүктелетін жауапкершілік зор. Не десек те, барлық ауыртпалық алдымен ата-ананың мойнына түседі. Балада аутизм белгілері барын бірінші болып байқайтын да және оның бүкіл ауыртпалығын көтеріп отырған да сол баланың әке-шешесі. Ата-анасы сәбиінің бойындағы кінәратты дер кезінде байқап, дабыл қағуының нәтижесінде аутизм кеселінен құтылған балалар да бар.
ТҮЙІН Аутизм – бала дамуының бұзылуы, жүйке жүйесінің ерекше дамуы. Әйтпесе олар да біз секілді он екі мүшесі сау адамдар. Ерте жастан анықталған аутизмнен айығуға болады. Аутист балалар бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысына әртүрлі терапия жасау арқылы емдеу шараларын қолданады.
24 қараша 2022 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10155)

06 желтоқсан 2022 ж.

№96 (10154)

03 желтоқсан 2022 ж.

№95 (10153)

29 қараша 2022 ж.

Оқиғалар

Қарғыстың да ағы бар
02 шілде 2022 ж. 4 745

Мәдениет

Келіндер бақ сынады

Келіндер бақ сынады

06 желтоқсан 2022 ж.
"Жәмиғы қазақ бір туған"

"Жәмиғы қазақ бір туған"

06 желтоқсан 2022 ж.
Өнердің жарық жұлдызы

Өнердің жарық жұлдызы

03 желтоқсан 2022 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031