» » Ата-анасы аз сөйлескен баланың ой қабілеті дамымайды

Ата-анасы аз сөйлескен баланың ой қабілеті дамымайды

Бала туа салысымен онымен сөйлесе алмайтының анық. Тіпті, түнде дұрыс ұйықтамайтын баланы бағамын деп өзіңде де әл болмайды. Бала өсе келе әңгімеге жауап бере бастайды. Дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, кейбір ата-аналар балаларымен мүлдем сөйлеспейді және оның ұзақмерзімді кері әсері өте көп, деп жазады ҚазАқпарат, ВВС-ге сілтеме жасап.
Автордың айтуынша, адамның болашағына көп әсер ететін негізгі фактордың бірі – тіл. Ал көптеген нейробиологтардың зерттеулері бала тілінің шығуы мидың дамуына жақсы әсер ететінін көрсеткен еді.
«Нейробиологтар бала сөйлей алмаса да, оған тіл қатудың пайдалы екенін анықтады. Ата-анасы көп әңгіме айтқан балалардың ой қабілеттері жоғары деңгейде болады. Яғни, пассивті тыңдау да балаға жақсы әсер етеді. Мидың әлеуметтік және тілдік қатынастарға жауап беретін бөлігі балалардың ата-анасымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасы баласына қарап сөйлегенде тілдік қабілеттер дамиды және дүниетаным деңгейі артады», - дейді ғалымдар.
Сонымен қатар, ғалымдар ата-анасы сөйлесу үшін баласына уақыт бөлген балалардың тіл байлығы жақсы болатынын да анықтаған.
«Ересектер күнделікті күйбең тірлік пен күйзелістен балалармен сөйлесуге аз уақыт бөледі. Дегенмен, біздің балалармен қалай сөйлесетініміз, оларды қалай тыңдайтынымыз олардың миының дамуына жақсы әсер етеді» делінген мақалада.
06 қазан 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031