» » Әлеуметтік қорғау басты назарда

Әлеуметтік қорғау басты назарда

qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын нығайту және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы саясатының бірі – халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту. Осы тұрғыда әлеуметтік сала қызметкерлерінің тындырымды істерін айта кеткен жөн. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда.
– 2022 жылдың есепті кезеңінде Байқоңыр қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан 563 отбасының 2642 адамына 236792 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1 және 3 жас аралығындағы 274 және 3-6 жас аралығындағы 288 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды және осы есепті мерзімде 1554 отбасыға тұрғын үй көмегі толығымен төленді, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Ербол Біләлов. Әңгіме барысында ол мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша 50 мүгедек балаға қаржы төленгенін тілге тиек етті.
Ал мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ортопедиялық және зағиптар таяғы, серуендік және бөлмелік арбалар, веб камерасы бар және сөйлеу синтезі бар ноутбук, жеке көмекші қызметі мен шипажайға жолдама, басқа да құралдар, барлығы 1668 дана құрал-жабдық таратылып, әлеуметтік көмек көрсетілген.
Маманның айтуынша есепті кезеңде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 1573 туу туралы, 374 неке қию туралы, 20 тегін, есімін, әкесінің атын өзгерту туралы іс жүзеге асырылған.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
10 қараша 2022 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031