Ұрпаққа бұйырған бақыт
qarmaqshy-tany.kz 25 қазан - Республика күні Қазақстанның мұқым халқының достығы, қол жеткен табысы, ұлттық стратегиялық мүддесі мен патриоттық сезімі паш етілетін күн.

Биыл президент пәрменімен Республика күні ұлттық мерекелер қатарына еніп, халық болып тойлағалы отырмыз.
Біздің академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі ұжымы да атаулы күнге өз үлесін қосуда. Атап айтар болсақ, колледждің бір топ студенттері мерекеге орай өткізілген «Қыран елім – Қазақстан» жобасы аясында флешмобқа қатысып, белсенділік танытты. «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға студенттерімізбен қатар, қаладағы әртүрлі мамандық иелері: полиция қызметкерлері, ХҚК орталығы мамандары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.
Жоба аясындағы челенджді Байқоңыр жастары Түркістан облысы жастарынан қабылдап алып, елордамыз Астана қаласының жастарына жолдады. Сонымен қатар жоба барысында мәнерлеп оқу сайысында да колледж студенттері өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, әлеуметтік желілерге жолдауда.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Рауа ТҰРМАХАНОВА,
Байқоңыр жоғары колледжі директорының орынбасары
Байқоңыр жоғары колледжі директорының орынбасары