» » Әжетайым!

Әжетайым!

Бүгін қолыма қалам алып сізге деген лебізімді қағаз бетіне түсіруді ұйғардым. Сіз туралы менің айтарым көп. Менің бойымдағы сізге деген немерелік сезім үнемі ойландырады, толғандырады.
Әр баланың әжелері бар. Бірақ сіздей әже ешкімде жоқ, білесіз бе?! Мен сізбен мақтанамын! Сыр өңірінің мақтанышы, қармақшылық күрішші-диқан Сіздің есіміңіз – бүкіл қазақ жұртшылығына танымал есім! Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, өз заманында үлкен мәртебе саналатын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық депутаты, қайраткер болған батыр Сәлима Жұмабекова әжемді бүкіл сыныптасым мен достарым біледі.
Күріш өсірумен қатар, 11 баласына мейірімін төгіп, «Ғасырдың батыр анасы» болған сіздің өмір жолыңыз жастарға үлгі болады деп ойлаймын.
Білесіз бе, мен 4-сыныпта оқысам да шешім қабылдау керек кезде «Мен «Еңбек батырының» немересі емеспін бе?» деп өзімді қайрап аламын.
Әжетай, сіздің немереңіз болғаныма мақтанамын! Сіздің кеңпейіл, аппақ көңіліңізден шыққан ізгі ақ бата, тілектеріңіз шарапатты болып, қолдап-қорғап жүрсін. Сіз бізге биіктен қарап, жақсымызға жадырап, жаманымызға тұнжырап тұрғандай көрінесіз. Біз сіздің аналық кең құшағыңызды, мейірім төккен жүзіңізді, нұрлы бейнеңізді әрдайым есте сақтаймыз!
Еліңізге, халқыңызға арнаған тілегіңіз қабыл болып, өзіңізді пейіштің төрінде жүргейсіз деп тілейміз. Болашақта өз жолымды сізге ұқсап, анама ұқсап халыққа арнаймын.
Мариям ТҰРСЫНОВА,
«Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінің 4-сынып
20 қыркүйек 2022 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 292

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 387

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930