Үй жануарларын ұстаудың тәртібі қандай?
Соңғы уақытта еліміздің әртүрлі аймақтарында азаматтардың дене жарақатын, ал кейбір жағдайларда кәмелетке толмағандарды қоса алғанда, адамдардың қаза болуымен иттердің шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кеткендігін атап көрсетуде.
Қазіргі таңда елімізде осындай деректердің көптеп орын алуы салдарынан қоғамда теріс пікірлер туып, бұқаралық ақпарат көздерінде жиі жариялануда.
Атап айтқанда, иттерді ұстау және серуендету тәртібінің бірі: жеке тұрғын-үй жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, үй-жайдың кіре-берістегі қақпасында иттің барлығы жөнінде ескерту хабарламасы болуы қажет («Осторожно - злая собака! Абайлаңыз - қабаған ит!»), иттерді жеке тұрғын үйлерде ұстауға рұқсат етіледі, бірақ иттерді тұрғын-үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстауға тиіс, қоғамдық жерлерде ішімдік ішкен, әрекетке қабілетсіз тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аудан бойынша 22 дерегі орын алса, оның 17 әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы қағидаларды бұзғаны үшін иттердің иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407-бабына сәйкес шара көрілуде.
Жосалы кенті орталығында тұратын тұрғындарға аудандық прокуратура, ветеринарлық станция, бөлімнің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жануарларды (иттерді) тиісінше күтіп-ұстау, олардың байлаудан тыс (серуендеуде тұмылдырықсыз) болуына жол бермеу және қатаң бақылау орнату жөнінде тұрғын үйлерді аралап түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қармақшы АПб-і ЖПҚб-мі