Лагерь жазы көңілді

А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ауысым ұзақтығы 10 күнге созылған, 1-10 маусым аралығында, көпбалалы отбасылы және үздік, белсенді оқушыларға арнап «Балдырған» жазғы лагері өткізілді. Біздер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысын қуанышқа толы болуына барлық күш-жігерімізді жұмсадық. Лагерьде оқушылардың қызушылықтары өте жоғары болды. Оның ашылуында мектеп директоры Г.Еркебаева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақовтың қатысуымен 1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күнімен» тұспа-тұс келіп, балаларға демалыстарының көңілді өткізулеріне сәттілік тіледі. І ауысымның ұстаздары Шынар Нақыпова және Қарлығаш Әбішева бағдарламаны толық орындап, нәтижелі жүзеге асырдық. Атап айтсақ, аудандық өлкетану мұражайына барып, балалардың бойын сергітіп, бүлдіршінімізді ауданымыздың тарихымен таныстырдық. Сондай-ақ аудандық кітапханаға барып, ертегілер әлеміне саяхат жасап, оқушыларға мәлімет беріп өттік. Лагерь кезінде «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік», «Білімділер күні», «Көңілді старт» атты іс-шаралары өткізілді. Ер балаларымыз бен қыздарымыз ерекше белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды.
Лагерьдің жабылу салтанатында «Мәлике ана» балалар ойын-сауық орталығына барып, тәттілер таратылып, көңілді күн ұйымдастырылды.
Жаздағы жақсы демалыс – жыл бойына қажетті күш-қуат береді деп ойлаймын. Ал «Балдырған» жазғы лагері – оқушылардың көңілінен шыққанына кәміл сенімдімін.
Қарлығаш Әбішева,
А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің мұғалімі.