» » Жария тыңдау өткізілді

Жария тыңдау өткізілді

Жақында кент әкімшілігінде «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал»  СЖКБД филиалының суды магистральдық құбыр жолдары, таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру кызметтеріне бекітуге берілген тарифтерiнiң жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізілді. Оған облыстық табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Күлдарайхан Кеншембаева, бас инженер Ержан Қуандықов, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қызметкерлері, аудан ардагерлері, кент тұрғындары қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2019 жылғы желтоқсандағы №90 бұйрығымен бекiтiлген тарифтерді белгілеу қағидасына сәйкес, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалының суды магистральдық құбыр жолдары, таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтерi бойынша тарифтердi және тарифтік сметаларды бекітуге берген өтiнiмдерi биылғы жылдың 11 мамырында келiп түскен. Оған сәйкес КМК-ның өтiнiмi уәкiлеттi органмен 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
Филиалдың жобалық орташа босату тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз суды магистралдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметіне 956,74 теңгеге, суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 764,88 теңгеге, сарқынды суды бұру қызметіне 764,88 теңгеге ұсынылды.
Жиын барысында кент тұрғындары, ардагерлер су тарифіне байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.
– Департамент қазіргі таңда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, филиалдың тарифтерін бекітуге ұсынған құжаттары қаралуда, атап айтқанда «шикізат және материалдар», «жанар-жағар май», «энергия», «жалақы», «әлеуметтiк салық», «ағымдағы жөндеу» және тағы басқа баптары бойынша түзетпелер карастырылуда. Осы жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс-пiкiрлердi ескере отырып, Департаментпен соңғы шешім 2022 жылдың 21 маусымында қабылданады, – деді өз хабарламасында бас инженер Ержан Ералыұлы.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
20 маусым 2022 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930