» » Жастар жатқа айналып кетпесе екен...

Жастар жатқа айналып кетпесе екен...

Жастар – қоғамымызды алға жетелеп, еліміздің дамуына үлес қосатын ерекше тұлға. Олар үшін жылына бір күн арнайы жастар мерекесі тойланады. Яғни, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі. Осы орайда қазіргі жастардың көзқарасы, оларды не қызықтыратыны секілді тақырыптар төңірегінде әңгімелесек.
Иә, жастар – дамушы күш және үлгі бола білетін де – солар. Бойларында күш-жігері қайнаған еліміздің іргетасын қалайтын қорғаушылар деп те есептейміз. Яғни, ұлтымыздың өсуі де, өшуі де соларға байланысты. Қазіргі жастар бейнесі, олардың көзқарастары аға буын өкілдерінің көкейінде жүргені белгілі.
Әл-Фараби бабамыз «Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Иә, жастарымыздың жарты бөлігі өз мақсаттарына  жету үшін еңбек етіп, ізденісте болып, білім-ғылым жолдарын игеріп, өз талаптарын қоя алады. Бірақ, кейбір жастарымыз оңай жолдың құрбаны яғни, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетінін байқаймыз. Қазіргі жастар еліктегіш. Шетелге шамадан тыс еліктеу, қарапайым салт-дәстүрді білмеу, ана тілінде сөйлегісі келмеу олардың әдебіне айналып бара жатқандай. Арзан ойын-күлкі, әлеуметтік желідегі қажет емес дүниелер қызығушылықтарын арттыруда.
Яғни, біздің байырғы заманнан бергі жалғасып жатқан салт-дәстүрлерді дұрыс білмегеннен осындай жағдайға жетіп жатырмыз. Бір ғана мысал келтірсек, қазір жиі естіп жатқан әңгімеміз кейбір қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығып кетуі немесе шетел қыздарын қалыңдық етіп алуы. Иә, бұл үрдіс сәнге айналып бара жатқандай. Алғаш естігенімізде оғаш болып көрінетін бұл факторлар бара-бара құлақ үйреніп қалғандай. Ел болған соң ондай-ондай болады деп мән бермей жүргеніміз рас. Бірақ қазақ халқының болашағына да бей-жай қарауға болмас. Әрі қарай да осылай жалғаса берсе, ұлтымыздың санына да, сапасына да осы дүниелер кері әсерін тигізбей ме?! Әрине, әркімнің өз қалауы, бірақ әр ұлттың салты басқа. Осы ретте бөтен дін, бөтен елдің жыртысын жыртып жүрген жастарымыздың келешегіне үлкендердің уайымдайтынын да байқаймыз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп қазақ атамыз бекер айтпаған.
Иә, қазір уақыт өткен сайын еліміз дамып, өзгеріс үстінде. Әрине, заман талабына сай икемделмесек, қатардан қалып, дамымай да қалуымыз мүмкін. «Бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояпты» дегендей, әлеуметтік жағдай мен заманды алға тартып, ойыма келдіні істеймін деу де артық кетушілік болып табылады. Үйде әжем үнемі  «Қызым, қыз бала әрқашан инабатты, ибалы екенін,  ал жігіттер нық сөйлейтін, «сегіз қырлы, бір сырлы» бола білуі қажет» деп ақыл-кеңесін беріп отырады. Одан түйгенім – үлкендердің қалауы болашағы жарқын, жастары мықты ел болу...
Нұрилаәсем ТҰРМАХАНОВА
14 маусым 2022 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 296

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930