» » «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі – сотқа жүгінудің қолайлы тәсілі

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі – сотқа жүгінудің қолайлы тәсілі

Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съездінде, Елбасымен берілген тапсырмалардың бірі - сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинет» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызмет, Соттардың ахуалдық орталығы, мобильді «Сот кабинеті» енгізілді. Сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды.
«Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздырды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін мобильдік «Сот кабинеті» іске қосылды. Соттағы бұндай жаңа ақпараттық технологияның енгізілуінің тағы бір негізгі тиімділігі ретінде – арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлері тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол бермей, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жағдай жасайтындығы болып табылады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам»-Ұлт Жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу туралы басып айтты.
Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағазбастылықтан босатуға септігін тигізеді. Тағы жаңашылдық бірі - «Талдау» Форумы» электрондық сервисі. Форум, құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және тағыда басқа сот төрелігін атқару кезінде қажетті ақпараттардан тұрады. «Талдау» Форумы сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді.
Сот жүйесіне енгізілген оң өзгерістер мен жаңашылықтардың бәрі Елбасымыздың тікелей басшылығымен іске асып отырғанын атап өтпеуге болмайды. Сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыруда жаңа ақпараттық технологиялардың іске қосылуы сот төрелігінің мінсіз қызметін құру, сот жүйесіне сенімсіздікті жою, сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру, қағазбастылықтан босату, ең маңыздысы қоғамның сот органдарына сенімін арттырып, жемқорлықты жоюға тікелей бағытталғандығы.                                                                                                                               
Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы С.Қожабаев
24 мамыр 2022 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031