Қоғам қасіретін қайтсек тиямыз?
«Әділдік жоқ жерде жемқорлық белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз біздің салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, елдің әрбір қызметкері әділ қызмет етіп, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халыққа адалқызмет ете алады.
Бұл дерттің жаппай жойылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Сол үшін жас буынның санасын тек жақсы жақтармен толтырып, үлкен буын өкілдері оң бағыт көрсете білгені абзал.
Ботагөз Есетова,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы
төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу тобының
бас маман бас қазынашысы
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы
төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу тобының
бас маман бас қазынашысы