» » Дәм-тұзымыз жарасқан

Дәм-тұзымыз жарасқан


1 мамыр – Қазақстан халқ­ы­ның бірлігі күні. 1995 жылдың нау­рызында дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері, 500-ге жуық кіші ас­самблея мүшелерінің басын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Оның құрылғанына ширек ғасырдан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында көп ұлтты мемлекет ретінде қалыптасып, өзара ұлтқа бөлінбей, қазаны ортақ үлкен бір отбасыға айналдық. Елімізде дүниеге келіп, өсіп-өнген, білім алып, өзінің берекелі кәсіптерімен айналысып жүрген кез келген ұлт азаматы Қазақстанды өз Ота­ным деп, мемлекетімізге деген сүйіспеншілікпен өмір сүруде. Осындай татулықтың арқасында біз де Байқоңыр қаласында қаншама ұлт өкілдері өзара бөлінбей, дәм-тұзымыз жарасып, бірлік пен ауызбіршілікте тіршілік етудеміз. Ғарыш айлағында бір ғана ұлттың емес, бірнеше ұлттың салт-дәстүрі дәріптеліп, мәдени құндылықтары бар мерекелер тойланып, әрбір іс-шараға жабыла бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып барша тұрғын атсалысуда. Осының барлығы өзара ұлтқа бөлінбей, татулық пен бірліктің арқасында жүзеге асып отырған дүниелер.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуі­не қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Президентіміздің қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Баян КОЖАНОВА,
«Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары
колледж» білім беру мекемесінің
арнайы пәндер оқытушысы
30 сәуір 2022 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031