» » Медициналық білім грантының саны тағы 5 мыңға артады

Медициналық білім грантының саны тағы 5 мыңға артады

Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттың баспасөз алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz


«Бүгінгі таңда республикада 70 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді. Бүкіл өңірлерден 3900-ден астам дәрігер керек деген ұсыныс бар. Жылына 6000-нан астам дәрігер, соның ішінде 2000-нан астам көпбейінді дәрігер даярланады. Осы 3900 дәрігердің ішінде 2000-ы — алғашқы медициналық көмек көрсететін учаскелік дәрігерлер. Жалпы практикалық дәрігерлерге сұраныс көп. Олардың жартысынан көбі ауылдық елді мекендерге қажет», деді ведомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.
Министр әсіресе қандай мамандар тапшы екенін атап өтті.
«Сонымен қатар стационарларда жұмыс істейтін анестезиолог, реаниматолог дәрігерлер, акушер-гинеколог дейтін дәрігерлерге, педиатрия саласында неонатологтерге сұраныс көп», деді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ ол бұл тапшылықты азайту үшін қандай шаралар қолға алынғанынан ақпар берді.
«Министрлік жыл сайын бюджеттен грантпен оқитындардың санын көбейтіп отыр. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша жыл сайын гранттың саны көтеріліп, 5000-ға дейін жеткізіледі. Қазір оның саны 4500-ден жоғары.
Сонымен бірге әкімдіктер өздері грант бөліп отыр. Кейінгі кезде кейбір медициналық ұйымдар өз емханаларына өз қаражаты есебінен қажет мамандарды резентурада дайындата бастады», деді министр.




28 сәуір 2022 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031