» » Елде дәрігерлер тапшылығы байқалуда

Елде дәрігерлер тапшылығы байқалуда

Елімізде төрт мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Соның кесірінен халық арнайы мамандарға көріну үшін айлап кезек күтуге мәжбүр. Күте-күте төзімі таусылған тұрғындар міндетті медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарна аударып отырса да, ақылы емханалардың есігін жағалайтынын айтады. Ал денсаулық сақтау министрлігі маман тапшылығының негізгі себебі – еңбекақы төлеу жүйесінің жетілмегендігі дейді. Бұл туралы  31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасын хабарлады. 

Жас мамандарды әлеуметтік қолдаудың жетіспеушілігінен дәрігерлер бұл саладан да, елден де кетіп жатыр деп топшылайды. Министрліктің мәліметінше қазір елде педиатр, инфекционист, кардиолог, эпидемиолог, пульмонологтар тапшы. Ал жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, акушер-гинеколог тіпті жоқтың қасы.
Дәрігер қабылдауына кіре алмай жүргендердің бірі ақтаулық Әсел. Тұрғын онлайн кезекті кейде бір айға жуық күтуге тура келеді дейді.
“Отадан кейін дәрігерге қайта қаралмақ болған әйел тіпті кезек келген кезде қажетті маман таппай қиналып қаламыз. Өйткені көп аураханаларда дәрігер жетпейді, есесіне емделуші көп”, – дейді ол.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде 276 дәрігердің жетіспейтінін айтады. Басқармадағылардың айтуынша, баспанамен қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарламалардың барына қарамастан маман тапшылығы жойылмай отыр. Облыста анестезиолог-реаниматолог пен тәжірибелік дәрігерлер аса тапшы болып отыр дейді. 
“Жалпы тәжірибелік дәрігерлер жетіспейді. Ол біздің барлық бастапқы-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына қажет. Ақтау қаласы жергілікті бюджет есебінен 75-ке жуық маман интернатурада және резидентурада дайындалып жатыр. Ол мамандар дайындалып келгеннен кейін 5 жыл жұмыс жасап өтейтін болады”, – дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Телегенова. 
Ал еліміздің солтүстігінде ауруханаға емделуге келген науқастардың дәрігерге қаралуының өзі мұң болып тұр. Мұндағы тұрғындар да айлап кезек күтетіндерін айтады. Әсіресе терапевт, көз дәрігері, гинекологқа қаралу үшін екі ай бұрын кезекке тұру керек екен. Ал ұзын-сонар кезек күткенде ауруы асқынып бара жатқандар, амалсыздан ақылы емханаларға баруға мәжбүр болғандарын айтады.
21 қазан 2021 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930