» » Міндетті әлеуметтік медициналық жүйесінде тіркелмегендер ем ала алмай ма? Мамандар жауап берді

Міндетті әлеуметтік медициналық жүйесінде тіркелмегендер ем ала алмай ма? Мамандар жауап берді

«Дәрігерлер қабылдамай жатыр». Осындай шағым көп қазір ел арасында. Ақ халаттылар емханаларға тексерілу үшін барғандарды осылай кері қайтарып жатқан көрінеді. Біз бұған не себеп деп сұрасақ, қабылданбағандардың барлығы Міндетті әлеуметтік медициналық жүйесінде тіркелмегендер болып шықты. Сонда енді қазақстандықтар сақтандыру қорында болмаса, кеңес алып, емделе алмай ма? Нақты қанша адам осындай қиындыққа тап болған? Мамандар не дейді?


Елде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жыл басынан бері енгізілгенімен, нақты 4 ай бұрын іске қосылды. Бірақ осы 4 айда медицинадағы бұл жаңашылдық пен азаматтар арасында талай түсініспестік болып жатыр. Мамандар, шенеуніктер дүңгіршектерді де қойды осы жүйені ұғыну үшін. Бірақ өкінішке қарай, жүйе аясында шағым толастар емес.
Қазақстандықтардың денсаулығына кепіл болады деген бастама енгізілгелі бері Медициналық сақтандыру қорына 3 мыңнан астам шағым келіп түскен. Тағы 328 арыз «медициналық сақтандыруы» жоқтығынан дәрігерлер қабылдауына кіре алмағандардан түскен. Дәурен Исмаиловты да тиісті деңгейде маман көмегіне қол жеткізе алмапты.
«Келсем, «сіз сақтандырылмағансыз» дейді. Мен түсінбей қалдым. Бұған дейін осыған мән бермеппін. Өзім кәсіпкермін. Жұмысым көп. Не істеймін енді? Сақтандыру жүйесіне қосылдым», - деді тұрғын Дәурен Исмаилов.
Дәрігерлер де қаңтарда енген «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тіркелмеген азаматтардың көптігін жасырмайды. Олардың біразы айқай-шу шығарады дейді.
«Иә, әрине ондай пациенттер бар. Сақтандыру туралы білмейді. Оны айтсаң, айқайлап, ұрысатындар да бар. Бірақ оларды тынышталған соң, цифрлық бөлімше мен ақпарат дүңгіршегіне жібереміз. Сондай-ақ ондай адамдарға «Qolday24» бағдарламасы, әлеуметтік желілердегі чат-боттарға жібереміз», - деді қалалық №4 аурухананың дәрігер-сарапшысы Диляр Юлдашев.
Айтпақшы, жарна демекші, егер сіз тиісті ем алам десеңіз, мемлекеттік қорға ақша төлеуіңіз керек. Ал жұмыс істесеңіз сіздің басшылығыңыз ай сайын жарна аударып тұруы тиіс. Бұл туралы бұған дейін де айтылды. Ал егер ұмытып қалсаңыз, жоғарыда айтылған «Qolday24» немесе «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» сайттарынан анықтай аласыз.
Елде екі медициналық көмек пакеті бар. Біріншісі - Міндетті әлеуметтік медициналық қоры. Оның аясына бағасы қымбат оталар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтер кіреді. Сондай-ақ бұл пакетте МРТ, компьютерлік томография, ПТР талдама да тегін жасалады. Сондай-ақ, сырқатқа шалдыққанда түрлі көмек көрсетіледі. Ал екінші пакет - Кепілдендірілген тегін медициналық көмек деп аталады. Бұл пакетте дәрігер шұғыл жағдайларда көмектесуі міндетті. Демек, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды бақылау тиіс. Бірақ пациент учаскелік дәрігерінен талдама тапсыруға, не қымбат тексерулерге жолдама ала алмайды.
Тағы да еске салайық, сіздің жоғарыда атаған жарнаны төлемегеніңіз анықталса, дәрігерлер көмегіне құқылысыз. Мұны жауапты мамандар да растап отыр .
«Бәрібір де қандай да болмасын жағдайлармен төлемей, осы сақтандыру жүйесін төлемей қалған жағдайлар болса, олар біздің Кепілдендірілген тегін медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Ол жерде тек қана жедел-жәрдем ғана емес, учаскелік дәрігерге қаралып, соның бағыты бойынша қызметтер ала алады», - деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің басшысы Забира Оразалиева.
Бірақ ол мүмкіндіктен айырылып қалмас үшін ай сайынғы төлемді үзбеу керек екен.
«Бұл жерде үзіліс болмау керек. Міндетті түрде 3 ай қатарынан төлеу керек, медициналық қызметке жүгіну керек болса», - деді Забира Оразалиева.
Бүгінде сақтандыру жүйесіне 15 миллион 800 мың адам тіркелген. 11 миллионы мемлекет өзі қаржыландырып отыр. Демек, олар әлеуметтің осал 15 тобына жататындар. Дәлірек айтсақ, балалар, бала күтімі бойынша демалыстағылар, зейнеткерлер және тағысын тағы. 5 миллион азаматқа ай сайынға жарнаны жұмыс беруші төлейді. Тағы 1,5-2 миллион адам түрлі себептермен өзі, я басшылығы ақша аудармайды екен. Демек, нақты осы топтағылар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан» көмек күтпесе болады.




12 қараша 2020 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031