» » Мал ұрлығы қатаң жазаны талап етеді

Мал ұрлығы қатаң жазаны талап етеді

Мал ауыл халқының күн көрісі, напахасы, берекесі. Қазақ халқы ежелден төрт түлігін түлетіп, содан ризығын айырып келе жатқан халық.
Халқымыз үшін күн-көріс көзі, адал еңбегі, маңдай тері. Бірақта біреудің адал еңбегімен жинаған малына көз тігіп, оңай олжаға кенелгісі келетіндер де жоқ емес. Қазіргі таңда мал ұрлығының күннен күнге өршіп, тиылмай тұрғаны бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі десекте болады. Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мал ұрлығы үшін жазаны қатаңдату қажет екенін атап өткен болатын.
Осы негізде 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 188-1 «мал ұрлығы» деген арнайы бап енгізілді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны белгілейтін заңнаманың жаңа талабына сәйкес, мал ұрлығы адамдар тобы емес, бір адаммен мал қораға немесе  басқа да қоймаларға кірместен жәбірленушіге айтарлықтай залал келтірмей жасалған жағдайда сотталушыға ауырлығы орташа қылмыс ретінде есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, немесе бес жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер мал ұрлығын адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы- ол ауыр қылмыс деп танылады. Ол үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Бүгінде мал ұрлығының ұйымдасқан түрімен күресі үшін өңірлерде жедел –іздестіру топтары жұмыс істейді. Заңдағы өзгеріс нәтижесінде мал бағып, таза адал еңбекпен күнелтіп отырған жандардың несібесіне ешкім қол салмайтын болады деп күтеміз. Әлі де ел ішінде мал ұрлығы үшін қатаң жаза қарастырылғанын білмейтіндер көп. Сот тәжірибесінде төрт түлікті барымталап, ауыл ішінде ұрлыққа түскендер бармағын тістеп, өкініш білдіріп жатқан тәжірибелер аз емес.
  Қалай десек те, заң талабы жеңіл емес. Сондықтан барымтаға бармас бұрын, оның жауапкершілігін де,  бұл істе сыбайлас болудың да жауапсыз қалмайтынын тағы бір ескертеміз.
                                                                      С.Желдербаев, 
 Қармақшы аудандық сотының
төраға м.а 
27 сәуір 2022 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031