» » Қазақтың әсем салты – төркіндеу

Қазақтың әсем салты – төркіндеу

Ауданда ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, гендерлік саясатты іске асыру мақсатында облыстық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Төркіндеу» жобасы аясында тағылымы мол іс-шара өтті.
Айтулы іс-шара аясында киелі Қармақшы жерінен түлеп ұшып, бүгінде өңірімізде жауапты қызмет атқарып жүрген және өз саласы бойынша ұзақ жылдар абыроймен қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан қыздарымыз еліне төркіндеп келіп, туған жеріне тағзым етті.
Құрметті қонақтар алдымен күллі түркі елінің абызы «Қорқыт ата» кешенін зиярат етіп, 2022 балалар жылына орай №1 балабақша алаңында жеміс ағаштарын отырғызды.
Одан соң аудандық агралы-техникалық колледжінде аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, "AMANAT" партиясынан депутат, мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов және ардагерлер мен ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген қыз-келіншектер қатысты.
Іс-шараның алғы сөзін аудан басшысы Әділбек Бөрібайұлы сөйлеп, берекелі отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, саналы ғұмырын киелі Қармақшы өңірінің дамуына, туған елінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан әйел-аналарға ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Сондай-ақ, іс-шарада белгілі журналист, «Хабар» арнасының директоры Жайна Сламбектің видеосәлемдемесі тыңдалды. Әрі қарай Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы іс-шараның негізгі мақсатына тоқталып, келген қонақтарды таныстырды.
Тағылымы мол іс-шарада ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесі, әйелдер көшбасшылығын дамыту, шығармашылық жастармен жұмыс, кәсіпкер әйелдерге көрсетілетін қолдаулар туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар, өмірі өнегеге толы ардагер аналарымызға қазақы салт-дәстүр бойынша қамзол кигізіп, орамал тақты.
Қонақтар мен кездесуге жиналған жұртшылық алдында аудан өнерпаздары өз өнерлерін көрсетсе, аудандық әжелер аңсамблі ән-жырдан шашу-шашып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аталған іс-шараны аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов қорытындылап, келген қонақтарға халқымыздың жөн-жоралғысымен сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

20 сәуір 2022 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930