» » Өзекті мәселелер тұрақты комиссияда қаралды

Өзекті мәселелер тұрақты комиссияда қаралды



Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясы алдындағы тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісі ретінде қатыстым. Жиында екі мәселе талқыланды.
Олар – 2021 жылы экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері тарапынан жолданған депутаттық жолданымдар мен олардың орындалуы; – 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау барысында көтерілген облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныс пікірлері мен сауалдарының орындалу барысы туралы мәселелер.
Өз кезегінде депутаттар сауал жолдап, мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия мүшелері ұсынылған жобаларды бірауыздан қолдап, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға ұсынды.
Жалпы аймақ дамуының өзекті мәселелері «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол карталары шараларымен байланысты болғандықтан фракция мүшелері жиынға белсенді қатысты.


14 сәуір 2022 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 119

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930