» » Фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалуы қаралды

Фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалуы қаралды



Қармақшы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракция отырысы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Фракция отырысын «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Буханов Дастан Әбдібекұлы жүргізіп отырды. Фракция жұмысына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Еркусаев Жұлдызхан Байназарұлы, фракция мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында құрылған кеңес мүшелері қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе Жол картаның 2021 жылға жүзеге асырылуы және 2022 жылға жоспары бойынша аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Еркусаев Жұлдызхан баяндама жасады. Бұдан бөлек 2022 жылға жоспарланған шаралар ішінен орындалмау қаупі бар тармақтарды атап өтіп, олардың орындалуы бойынша фракция мүшелері мен жұмысшы топ өкілдеріне жыл бойы бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Сондай-ақ, жиын барысында жұмысшы топ мүшелеріне сайлауалды бағдарламадағы белгіленген тармақтар бойынша сауалдар қойылып, тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жиында сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес депутаттар рейтингісі туралы мәселе де қаралды. Фракция мүшелері әрбір бағыт бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойып ұсыныстарымен бөлісті.

17 сәуір 2022 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930