» » Мұрат Ергешбаев: Полигонды қалыпты жағдайға келтіру қажет

Мұрат Ергешбаев: Полигонды қалыпты жағдайға келтіру қажет



Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев кент аумағында орналасқан жалпы жер көлемі 4 гектар құрайтын ескі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын полигонға барды.
Аудан басшысы ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қоршалмағанын, санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін және қалдықтардың сұрыптау кешенімен жабдықталмағанын көрді.
«Полигон аумағының арнайы қоршалуы, ескі полигон ауданының 4 гектар жерін көму, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Осы жұмыстар толық атқарылған жағдайда ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін кері әсерлері толық жойылады. Полигон аумағындағы жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинастыру және аймақты толығымен залалсыздандырып, қалыпты жағдайға келтіру қажет», – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.
Осы орайда кент әкімі Е.Бақтияров кент тұрғындарына экологиялық зиян келтірмеу үшін тиісті жұмыстарды жауапты мамандармен бірлесіп атқаратындығын жеткізді.



14 сәуір 2022 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031