» » "Ашық Қармақшы" жобасы аясында мониторинг жүргізілді

"Ашық Қармақшы" жобасы аясында мониторинг жүргізілді


ҚҰРМЕТТІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Әлеуметтік желілер және «Ашық Қармақшы» жобасы аясында іске қосылған WhatsApp мессенджеріне Жосалы кенті тұрғындарынан көшелерде тұрмыстық қатты қалдықтардың (мусор) шашылып жатуы, түнгі жарық шамдарының жанбауы, жол белгілерінің жарамсыздығы, күрделі жөндеуді қажет ететін жолдар туралы және т.б. мәселелер бойынша ұсыныс-ескертпелер көптеп келіп түсуде.

Осыған орай, аудан әкімдігінің тиісті сала қызметкерлері және ерікті жастар біріге отырып кент орталығындағы 130 көшеге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, Жосалы кентіндегі 79 көшеде ескірген жол белгілерін жаңалау және жол салу, жанбай тұрған түнгі жарық шамдарын іске қосу, белгіленбеген орындарға төгілген тұрмыстық қатты қалдықтарды (мусор) тазалау сияқты атқаратын нақты жұмыстар айқындалды.

Алдағы уақытта, осы жұмыстарды атқару бойынша Заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Байқағандарыңыздай, суреттердегі зақымданған мүліктер қандай да бір табиғи құбылыстың әсерінен емес, көпшілігі адами факторлар себебінен орын алған.

Сондықтан да тұрғындарды туған жерімізге жанашырлықпен қарауға, қоғамды құрметтеуге, көше мәдениетін сақтау арқылы ауданымызды таза ұстауға шақырамын.

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Ырзақұлұлы

01 тамыз 2021 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 743
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031