Полигон жұмысын ретке келтіру - басты мақсат
qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен қалада орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының және жеке секторларға қарасты контейнерлердегі қоқыс қалдықтарының өртенуі және одан қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығына келетін қауіп, оны жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге жиналған мамандар өз саласы бойынша қоқыс полигонына қатысты заңнамаларға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Басты мақсат – полигон жұмысын ретке келтіру, қауіптің алдын алу. Тиісті сала мамандары бас қосқан кездесудетұрмыстық қалдықты жинау, тасымалдау, оны қайта өңдеу қызметісаласындағы өзекті проблемалар, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамытудың мәселелері мен болашағы талқыланды. Тұрмыстық қалдықтарды жою ісі бойынша Еуропа елдерінің тәжірибесі сөз болды.
Сонымен қатар полигондағы қоқыстарды сұрыптап жеке-жеке бөлу, қоқыстардың заңсыз төгілуін және заңсыз өртелуіне бақылауды күшейту қажеттігі, қаладағы контейнерлердің бей-берекет өртелуін тыю үшін көше комитеттерін қайта іске қосу, әлемдегі тазалыққа қатысты озық тәжірибелерді қолданысқа енгізу секілді түрлі ұсыныстар айтылды.