» » Қазақстандықтарға бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі

Қазақстандықтарға бизнес ашуға 6%-тік микрокредит беріледі



Халықтың табысын арттыру бағдарламасына республикалық бюджеттен 197 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді.
2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 миллиард теңге қарастырылды.
Вице-министр бұл қаржы қандай бағыттарға жұмсалатынын түсіндірді.
«Біріншісі – 10 мың азаматқа өз бизнесін ашуға микрокредит беру. Бұған 40 миллиард теңге бөлінеді. Бағдарлама мақсаты – ауыл халқын тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз ету. Кредит 6 процентпен, 7 жыл мерзімге қайтарымды негізде беріледі», – деді Савельева мәжілісте заң жобасын таныстырып жатып.
Екіншісі – «Алғашқы жұмыс орны», түлектерге арналған «Жастар практикасы» жобалары аясында жастарды қолдау. Шығын – 18 миллиард теңге.
Қоғамдық жұмыс жобаларын жүзеге асыруға және жаңа «Күміс жас» жобасын енгізуге 38 миллиард теңге жұмсалады.
Сондай-ақ жекеменшік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың ақысын субсидиялауға 40 миллиард теңге бағытталады.


08 сәуір 2022 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 143
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 722

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031