» » Сотқа барсаң тәртіп сақта

Сотқа барсаң тәртіп сақта

Сот ғимаратына кірудің өз тәртібі бар. Әрбір азамат сотқа заңға қайшы келетін заттар әкелмеуге және жеке куәлігін көрсетуге, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіруге, ұялы телефонын өшіріп, күзет қызметкерлеріне тастауға, сотқа шақырған уақыттан кешікпеуге міндетті. Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіп туралы ереже Қазақстан Республикасы сот төрелегін іске асыру бағытын реттейтін заң шығару нормаларымен сәйкестендірілген. Оның мақсаты- азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарының сот арқылы қорғалуын, судьялардың, сот қызметкерлерінің және сот үдерісіне қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпті сақтау, сот әділдігін жүзеге асыру барысында сот қызметкерлеріне араласуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын деректердің алдын алу және болдырмау болып табылады. Сот ғимаратында рұқсатнама тәртібі мен қоғамдық тәртіпті сақтауды мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, сот жасауылдары жүзеге асырады. Жұмыстан тыс уақытта сот ғимаратына кіру тәртібін күзет қызметкерлері қадағалайды. Ішімдік ішкен күйі, есірткі немесе улы заттар қолданып, мас күйінде келген тұлғалар, келбеті қоғамдық қасиет пен адамгершілік намысты қорлайтын және сырт киімдері санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін адамдар, заңды өкілі немесе қасында мұғалімі жоқ 16 жасқа толмағандар ғимаратқа жіберілмейді. Сонымен қатар, судьялардың, сот қызметкерлерінің, іске қатысушылардың сот үдерісінен басқа кезде жолығулар болдырмау үшін рұқсатнама тәртібі қатаң сақталуы керек. Сот ғимаратына келушілер, сот үдерісіне қатысушылар немесе сот төрағасының қабылдауына келгендердің жеке куәлігі, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері, адвокаттар қызметтік куәлігімен және сот приставы жазған рұқсатнама, сотқа шақыру қағазы, хабарлама негізінде арнайы журналға тіркеліп жіберіледі. Келушілер осы ережелерді, күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігі шегінде қойылған талаптарын орындамаған жағдайда, сондай-ақ сот ғимаратына келу мақсатын айтудан бас тартса, сот ғимаратына жіберілмейді.
Аида Мырзағұлова,
Заңгер одағының мүшесі
Қармақшы аудандық сотының
бас маман аға сот приставы. 
                
 
 
 
12 сәуір 2018 ж. 1 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 245
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031