» » Тереңге жайған тамырын...

Тереңге жайған тамырын...


Бүкіл ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған, бәйтеректей тамырын тереңге жайған, діни сауатты, Ораз ахун бабамыздың ұрпағынан тараған Атамұрат ағамыздың бұл дүниеден өткеніне де он жылдай болыпты.
Атамұрат ағамыз 1929 жылы Бозарқаш ауылында дүниеге келген. 1950-1952 жылдары сол кездегі Қызылорда мемлекеттік оқытушылар институтының «Физика және математика» факультетін бітіреді. Еңбек жолын Қармақшы ауылында математика пәнінің мұғалімі болып бастап, 1963-1966 жыл аралығында Қызылорда Н.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, математика пәнінің оқытушысы мамандығын алады. 1973 жылы ауданымыздағы №27 орта мектепте, кейін киелі шаңырақ Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Шәкірттеріне сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде ол ұжымында әріптестерінің алғысына бөленіп, бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталады. 1980-1985 жыл аралығында жазғы тынығу лагерінің директоры болып қызмет атқарады. 1986 жылы «Еңбек ардагері», Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50-60-65 жылдығына арналған медальдарына ие болды. Халқына, ағайын-туысқандарына өмірінің ақырына дейін отаншылдық ұстанымымен аянбай қызмет еткен, сол арқылы ұрпақтарға ұлағатты із қалдырған, анамыз Қуантай екеуі 10 бала тәрбиелеп өсіріп, балаларына саналы тәрбие, сапалы білім берді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Қазіргі таңда ағамыздың балалары әр салада қызмет етуде. Үйдің тұңғыш қызы Ғазиза Свердловск қаласынан халық шаруашылығы институтын бітіріп, аудан орталығындағы Халық банк мекемесінде экономист болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда отбасымен жеке кәсіппен айналысуда.
Айжан қарындасымыз отбасылы, Байқоңыр қаласында ревизор болып жұмыс атқарса, одан кейін Анар отбасылы, ол да осындағы мекеменің бірінде бас маман. Ал Ажар Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде педагог-психолог қызметін атқарады. Азамат отбасылы, Байқонырда тұрады. Айбек Қызылорда қаласының гарнизоны бойынша әскери комиссариаты мандаттық комиссиясының мүшесі болып, 2008-2014 жылдары Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. 2009 жылы ОҚО гарнизон және бригада сержанты, 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, байланысшылар бригадасында батальон командирінің орынбасары, дивизия сержанты, зенитті-зымыран дивизионы командирінің спорт және жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары лауазымында 15 жылдық әскери қызметін абыройлы аяқтады. Қазір ол отбасын құрып жеке кәсіппен айналысады. Айгүл қарындасымыз заңгер мамандығын бітіріп, Байқоңыр қаласында отбасылы, Абай ба­уырымыз отбасымен киелі қара шаңырақта тұрады.
Осы балалардың жеткен жетіс­тіктері Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте қанаттандырған Қали Шыңғысов, Атамұрат Смайлов, Балтабек Шүлтіков, Зибаш Қамбарова, бастауыш мұғалімі Рая Ақкозиева сынды ұстаздарының зор еңбегі деп білеміз.
Ағайдың отбасымен сұқбаттасқан кезімізде Азамат бауырымыз «Әкем өмірінің ақтық демі таусылғанша адал ниетпен, имандылықпен бес уақыт намазын оқып, оразасын ұстап, ағайынның татулығын, бірлігін тілеп өтті. Әкемнің бір арманы «Ораз ахун» бабамыздың мешітін жаңартып салу болатын. Алдымен Алланың қолдауымен, екінші жомарт азаматтардың, мейірімді жандардың арқасында «Ораз ахун» мешіті де бой көтерді» дейді марқая сөйлеп.
Мінеки, осындай бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, имандылық жолына арнаған ағамыздың тамыры тереңге жайылған бәйтеректей жайқалып, ағамыздың өмір жолын балалары мен немерелері жалғап келеді.
Бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербеткен анамыз Қуантай Тауымбаева балаларына ақылшы болса, немере- шөберелері үшін ең жақын аяулы әже. Отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы ана.
Ағайын-туыс қамқорлығына бөленген ардақты Қуантай анамыз еліміздің тыныштығын, амандық пен денсаулық, әр отбасына береке-бірлігін тілеп отырған жан. Ендігі жерде анамызға шөбере алақанынан май жалауды жазсын деген тілегімізді білдіреміз.
Қуаныш ТӨРЕЕВ
05 сәуір 2022 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031