» » Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу жолдары талқыланды

Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу жолдары талқыланды

Биыл Сырдария өзеніне көктем мезгілінде жоғарыдан келіп жатқан судың көлемі мол. Қазіргі таңда Қазалы ауданындағы Ә.Тыныбаев атындағы Басықара су торабына секундына 275 текше метр су түсіп жатыр. Оның 95 текше метрі каналдарға жіберілуде. Қалған 180 текше метр Басықара су торабының төменгі ағысына жіберілуде. Алдағы күндері төменге тасталатын су көлемі секундына 350 текше метрге дейін көбейеді деп күтілуде.
Осыған орай кеше Қазалы ауданына облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов және облыстық жұмылдыру басқармасының басшысы Мұса Қалдарбековпен бірге арнайы келіп, Сырдария өзенімен өтетін мол суды қауіпсіз өткізу жолдарын талқылады.
«Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Ролан Ахметов қазіргі таңда Ә.Тыныбаев атындағы су торабы арқылы Ақсай арнасына 45, «Оң жаға» каналына 12, «Сол жаға» каналына 28, «Өтебас» каналына 5, «Әбжел» жайылымдығына 5 текше метр су жіберіліп жатқанын жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Қазалы ауданындағы каналдардың мүмкіндігіне қарай «Ақсай» және «Оң жаға» арнасы арқылы жайылымдықтар мен көлдерге қосымша су жіберу жөнінде тапсырма берді.
Кездесуде алдағы уақытта «Өтебас» каналына тазарту жұмыстарын жүргізу, Масақбай бөгетіне 3-5 текше метр су өткізе алатын гидротехникалық құрылыс салу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Қазалы
04 сәуір 2022 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 955

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930