» » Сырдарияға қауіп бар ма?

Сырдарияға қауіп бар ма?

Биыл Сыр аймағына көз тиді ме, жоқ әлде тағдырдың сынағы ма табиғи апаттық тосын жайға жиі ұшыраудамыз. Жаздың бел ортасында қуаңшылық келіп, қара жер бір тамшы жаңбыр суын нәр қылып бойына жұта алмағаны аз болғандай, енді дарияның тартылуы жұдырық үстіне соққы болып отыр. Сырдария арнасының күрт түсіп кетуі бар тіршілігін сумен байланыстырған өңір жұртын үлкен уайымға салып қойды. Қыс түссе асау мінез танытып, арнасынан таситын алып өзеннің ендігі үрей туғызардай қауқары жоқ. Жылда дарияның қыста толып, жазда солып ағатын көз үйренген құбылысына биыл Сыр жұрты қатты алаңдаушылық білдіруде. Себебі уақыт өткен сайын өзеннің алқымы кеуіп, табаны көрінуге сәл-ақ тұр. Сырдың суы бұлай тартыла берсе, елге экологиялық апат қаупі төнуі мүмкін дейді мамандар.
Елдегі су балансына зер салсақ 2019 жылдан бастап Арал-Сырдария бассейнінде су аздығы циклы байқалған. Негізгі себеп Сыр өзенінің сулылығы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағындағы су шаруашылығына тікелей байланысты. Әсіресе Қырғызстандағы «Тоқтоғұл» су қоймасына судың жиналуымен айқындалады. Бұл жайында экология министрлігінің өкілдері былай мәлімдейді.
– Биыл Тоқтоғұл су қоймасында судың жинақталу көлемі 2019 жылға қарағанда 5 млрд текше метрге кем, вегетациялық кезеңнің басында бұл су қоймасында шамамен 15 млрд текше метрге су жинақталған. Ол жақсы болып саналады. Ал биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, су қоймасында 8,7 млрд текше метрге су бар. Яғни өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,9 млрд-қа аз. Бұл мәселе қараша айында өтетін халықаралық комиссия отырысында кеңінен қаралатын болады, – дейді министрлік.
Қызылорда облысы Сырдария өзенінің бойында орналасқандықтан мұндағы тіршілік егіншілікке бейімделген. Биыл егін науқанында суды әупірімдеп әрең жеткізген шаруалар келер жылға болжам жасай алмайтындарын айтып, алаңдайды. Сала мамандарының айтуынша, су деңгейінің төмендеп кетуіне Шардара су қоймасынан келіп жатқан тіршілік нәрі көлемінің аздығы себеп болған. Қыркүйек айынан бастап мұнда секундына 30 текше метр су келген. Қазір оның көлемі 50 текше метрге көбейіпті. Бірақ бұл өзекті мәселені шешпейді. Сыр өзенінің алдағы тағдыры көрші елдердің су саясатында ұстанатын позицияларына тікелей байланысты болмақ. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов өз алаңдаушылығын білдіріп мәлімдеме жасады.
– Қазіргі таңда Сырдария өзеніне қатысты мәселе өте күрделі. Аталмыш мәселені шешу мақсатында еліміздің Премьер-министрі мен Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігіне арнайы ұсыным-хат жолдадық. Бұл құжатта Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерімен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу мәселесіне қатысты келіссөздерді жүргізу маңыздылығын көрсеттік. Өзекті мәселені республикалық деңгейде қозғап, шешу қажет деп ойлаймыз, – дейді ол.
Сыр жұрты бұл жағдай қайталана берсе Сырдария Әмударияның тағ­дырын қайталауы мүмкін деп алаң­дайды. Өйткені елдің болашағы өзен суымен тығыз байланыс­ты. Арал теңізінің суы тартылып, тұзы көкке ұшқаны аз болғандай, енді Сырдарияның да аңқасы кеуіп қалмаса игі.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 қараша 2021 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 230

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 335

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930