» » Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кімдер баспана ала алады

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кімдер баспана ала алады

Үкіметтің 2022 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан азаматтарын есепке қою қағидасына өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Атап айтқанда, ережелер халықтың әлеуметтік осал топтарына қолданылады.
Енді мұндай адамдардың тізбесіне 1 немесе 2 топтағы мүгедектік 18 жасқа толған мүгедек балаға белгіленетін отбасылар енді. 
Сонымен қатар, тұрғын үй алуға келесі санаттағы азаматтар өтініш бере алады:
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
  • Жасы бойынша зейнеткерлер;
  • Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады;
  • Қандастар;
  • Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
  • Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
  • Толық емес отбасылар.
Қаулы 2022 жылғы 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.



30 наурыз 2022 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 458
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31