» » Тұрмахан Омаров: «Ардагерлер – мемлекет қамқорлығында»

Тұрмахан Омаров: «Ардагерлер – мемлекет қамқорлығында»

Елде «Ардагерлер туралы» заңның қабылданғанына өте қуаныштымыз. Мұндай қуанышты хабардың мерекеге орай жариялануы да ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны рас. Өйткені, мұндай заң өзге елдердің көпшілігінде бар. Бұл заңның қабылдануы көптің көкейінде жүрген күрделі мәселе болатын. Көптен күткен заң ардагерлер қауымының абыройын биіктетті.
Өкінішке орай, елімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл санап азайып келеді. Аудан көлемінде де майдангерлер қалмады. Десек те, заңда көрсетілген 5 әлеуметтік санаттағы ардагерлеріміз жетерлік.
Аталған санатқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы тұлғалар жатады. Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушыларды, сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылды. Осы 5 санатқа жататын ардагерлерге барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылардың сақталатыны көптің көңілін көтерді.
Сонымен қатар құжатта ардагерлерге қатысты әлеуметтік қолдау шаралары тек қаржылық тұрғыдан емес, тұрғын үйге қатысты да қарастырылған. Бұл орайда егер олар тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, бұрын бірінші кезекте пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы ұйымдар оларды бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуі, жеке тұрғын үй салуы үшін бір рет бірінші кезекте жер учаскелерін, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан үйлерді еліміздің тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен меншігіне беруі, Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығын отбасы мүшелеріне өткізуі көзделген. Мемлекет бұл шаралардың толыққанды жүзеге асуы үшін ардагерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқаратыны сөзсіз. Біз ардагерлеріміз үшін қашанда көмек қолын созуға дайынбыз. Қашанда аға ұрпақ – ардагерлеріміз аман болсын!

Тұрмахан ОМАРОВ,
Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы




07 мамыр 2020 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031