» » Құнды құжат

Құнды құжат


Жыл басы – Наурыз айын қалай күтсек, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айының ортасында жасалуға тиіс болған Қазақстан халқына арнаған Жолдауын да солай тағатсыздана күткеніміз рас. Қазіргі геосаяси жағдайдың күрделілігі, кешегі қаңтар айындағы дүрбелеңнің қасіретті іздері бірсыпыра шешімі жоқтай көрінген маңызды сұрақтарды алға тартып, қоғам өзін мазалаған мәселелердің түйіні осы жолы тарқатылардай сезінген.
Елдегі жағдай мен ішкі, сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарына терең талдама бере келе ауқымы кең, мазмұны мен маңызы терең бұл құжаттың айтары бір жылдың ғана мәселесі емес екендігін қадап айтты Президент. Сонымен бірге мемлекетке, елге төнген қатердің қандайы болса да халықпен бірге болатынын көрсетті.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстар мен саяси және экономикалық дамуды тежейтін санкциялар жағдайында тығырықтан шығудың басты жолы – елдегі тұрақты ахуал, ұлтаралық бірлік пен ынтымақ екендігі айтылды.
Ел басқару ісіндегі Президенттің шек­сіз билігінен бас тартып, Президенттік-пар­ламенттік басқару формасын өмірге әкелу идеясы да қоғамның демократиялық да­муының принципті кепілдігі деуге болады.
Бұл үшін алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-дан астам бабына түзетулер енгізіп, жыл соңына дейін 20 заң қабылданатыны жөніндегі тұжырымы елде жасалатын саяси өзгерістердің сөз күйінде қалмауының дәлелі.
Елде саяси реформа жасауда бұған дейін ұсынылған бейбіт түрдегі митингілер өткізу туралы, басқа да заң нормаларына сәйкес терең түсіністік қалыптастыратын ашық диалогтар алаңында пікір алмасу қалай болғанда да өз нәтижесін беретін, әлемдік тәжірибеде сыналған, халық пен билікті жақындастыра түсетін нақты қадамдар екені даусыз.
Саяси партиялар мен азаматтық қоғам қалыптастыру жөнінде де бағыт белгілі, бағдар айқын. Парламентте, мәслихаттарда белгілі бір жетекші партия ретінде танылған, қатаң бірізділікпен түзілетін партиялар ғана отырады деген ұғым енді болмайды. Өкілетті органдардағы партия­лар саны көбейеді. Бір мандатты сайлау жүйесі жүйе бойынша сайланған ешқандай партияда жоқ белсенді азаматтар да халық қалаулысы бола алады.
Сайлау алдындағы бағдарламасында оңды-солды берген уәдесін орындамаған депутаттың кері шақырылуы да депутат жауапкершілігін күшейте түсері сөзсіз.
Жолдауда сондай-ақ бұқаралық ақ­парат құралдары мен азаматтық қоғамның рөлі айрықша сөз болды. Ақпараттық қауіпсіздік орнатуда БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігі, өзінің нақты қоғамдық көзқарасы болуы маңызды.
Қоғамдық бірлестіктер мен түрлі үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер билік пен халықтың ортасында бос кеңістік қалдырмайтындай бірлескен қимылмен қоғам дамуын ілгерілете алатын күш екені сөз болды. Азаматтық қоғам қалыптастырудағы бірлескен іс-қимыл осылай қалыптасса керек.
Жергілікті әкімшілік құрылымдар жауапкершілігі, халыққа мемлекеттік сапалы қызмет көрсетудің деңгейі бір сәт төмендеуге тиісті емес. Бюджеттің сапалы орындалуы басты мәселе. Президент бұл жөнінде бұрынғы есеп комитетінің жұмысын одан әрі жаңғыртып Жоғарғы аудиторлық палата құру мәселесін де назардан тыс қалдырмады.
Сондай-ақ Конституциялық Сот құру, Ұлттық Құрылтай құру мәселелерінің жан-жақты ойластырылған тұжырымдамалары мәлім болды.
Жаңадан 3 облыс құрылып, олардың аты Абай, Ұлытау, Жетісу болуы, Алматы облысының орталығы болғалы тұрған Қапшағай қаласының атауын халықтың асыл перзенті, біртуар тұлға Дінмұхаммед Қонаевтың атымен атау жөнінде ұсыныс болса, оған қолдау білдіремін – деуі жүрек тебірентердей жағымды әңгіме болды.
Көңілдегі көп түйткілді ысырып тастаған бұл Жолдау Жаңа Қазақстан құру, еліміздегі саяси, экономикалық реформалар жасау ісін жан-жақты дамытудың бас­ты бағдары. Елдің тұтастығы мен бірлігін қалыптастыратын құнды құжат болды десек те ләзім болар.
Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ,
«Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
29 наурыз 2022 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031