» » Нұрын сепкен Ұлыстың ұлы күні

Нұрын сепкен Ұлыстың ұлы күні


Наурыз мерекесіне орай «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде қазақтың ұлттық нақыштағы бұйым­дарымен безендірілген киіз үйі тігіліп, «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты іс-шара өтті. Дүбірлі тойға, академик Серғазы Жиенқұловтың шәкірттері, Бау­ман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті түлектері, осы жоғары оқу орны түлектері Ассоциа­циясының вице-президенті Арман Көмекбаев, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығының эксперт маманы Ержан Кавкаев, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығының эксперт маманы Владимир Мелихов, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орта­лығының эксперт маманы Берик Қожамжаров, Ұлттық ғарыштық зерттеу­лер және технологиялар орталығының эксперт маманы Айдос Қалиев, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технология­лар орталығының эксперт маманы Меруерт Жанайдарова қатысып, колледж ұжымын, білім алушылары мен ата-аналарын, қала тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.
Мерекелік іс-шараны колледж директоры, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Әнуар Дәуленбаев ашып беріп, келген қонақтарды бәрі асыға күтетін, көңілге жылылық ұялататын шырайлы көктем мезгілі – ырзығы мен несібесі мол Наурыз мейрамымен құттықтап, көпшілікті колледж ұжымы мен білімгерлері әзірлеген қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын мерекелік іс-шараны тамашалауға шақырды.
Іс-шараға Ақай ауылының әкімі Эльмира Қазиева, колледждің индус­триал­дың кеңесінің мүшесі әрі әлеуметтік серіктесі «Мир-2001» ЖШС бас директоры Сейфулла Ажмолдаев қатысып, күн мен түн теңеліп, жан-жануар төл­деп, адамзат баласының аузы аққа тиетін күнде шын жүректен шыққан ақ тілегін жеткізді.
Бағдарлама бойынша колледж білім­герлері 7 ауылға бөлініп, хал­қымыздың салт-дәстүр­лерінен спек­таль­дік қойылым көрсетті.
Мерекеде қолөнер шеберлерінің қо­­­­­лынан шыққан өрілген қамшы, кү­бі, келсап, ұлттық киімдер және тағы бас­қа бұйымдар қойылған көрме ұй­ым­­­­­дастырылды. Наурыз мейрамына ор­­­­ай шашу шашылып, қазақтың салт-дәс­түрлері көрсетілген іс-шараға колледж студенттері мен олардың ата-аналары да белсене атсалысты. Домбырамен күй тартылып, әндер шырқалды. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алды. Қаймағы бұзылмаған қазақы салт дәстүр қайта қанат жайып, ұлттық спорттық ойын­дарымыз – арқан тарту, қол күрес, асық ату, қазақша күрестен жарыстар жүріп, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Наурыз – бабаларымыздан мұра болып қалған мейрам, бұл күні табиғат жанданып, тіршілік түлейді. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бас­тайды. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Наурыз Шығыс, түркі елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Осының барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.
Келген қонақтар мерекелік дастар­қанға әзірленген қазақтың ұлттық тағам­дарынан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты. Ұлттық ойындар ойналды. Күмбірлеген күйлер, әсем әуенді әндер айтылып, наурыз мерекесіне арналған өлеңдер оқылып, көрермендер ерекше көңілмен тарқасты.
Н.АЛИМБАЕВА,
академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі
директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
26 наурыз 2022 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031