» » Бөтен мүлік ұрлығының жолын кесейік

Бөтен мүлік ұрлығының жолын кесейік


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөтен мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарын аралау барысында тұрғындарға бөтен мүлік ұрлықтарының алдын алу үшін терезелерге темір тор орнату, сыртқы есіктерді темір есікпен жабдықтау, жеке күзет қызметін пайдалану, бейнекамера орнату жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ауданымызда қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында, тұрғындардың жеке өмірлері мен денсаулықтарын және мүліктерін ұрлықтан қорғау мақсатында түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Қылмыстарды зерделеу кезінде бөтен мүлік ұрлықтарының орын алуы, нысандардың техникалық бекіністерінің осалдығынан, яғни қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылаумен қамтамасыз етілмегендіктен (есіктері мен терезелеріне темір торлармен және бейнекамералар немесе күзет-дабыл қондырғыларымен жабдықталмағандықтан, жеке күзет субъектілерінің қызметін пайдаланбағандықтан) десе болады.
Құрметті аудан тұрғындары, сауда орындарының иелері!
Сіздерден жеке үйлер мен пәтерлерді және мекемелердің, сауда орындарының техникалық бекіністерін күшейтіп /терезелерін темір тормен, сыртқы есіктерін темір есікпен жабдықтап/, қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылау камераларын орнатуларыңызды сұрай отырып, алдағы уақытта қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға бірге атсалысуға шақырамыз.

Қармақшы АПб Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
25 наурыз 2022 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728