» » Асыл ананы ардақтады

Асыл ананы ардақтады

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНЫҢ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БОЛҒАНЫН БҮГІНГІ ЖАС ЗАМАНДАСТАРЫМЫЗ БІЛМЕГЕНІМЕН, АҒА БУЫН ӨКІЛІ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ. ДҮКЕНДЕРДЕ ҰЗЫН-СОНАР КЕЗЕККЕ ТҰРУ. ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМІ ДЕГЕНІҢІЗ ТАЛОНМЕН ҒАНА БЕРІЛЕТІН УАҚЫТ. КӨЗГЕ ЕЛЕНЕ БЕРМЕЙТІН САБЫН ДЕГЕН ПАТШАҒАРДЫҢ ДА ЖАНАРДАН БҰЛ-БҰЛ ҰШЫП, ҚАТ БОЛҒАНЫ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ҰМЫТЫЛА ҚОЙСЫН?!
Қоғам қайда бет түзейді, келешегі не болмақ деген сауалдарға жа­уап табудың өзі бас қатырған шақтар бұл. Шындығына келгенде, оны бір Жаратқаннан басқа ешкім білмейтін. Дегенмен, қанша қиын болса да, оған мо­йымайтын адамдар болады екен. Олар – «Не көрсек те, көппен бірге көреміз» деген қағиданы қанат қып байлап, алға ұмтылуды ғана білетін өр мінезділер. Еңбек дегенде нардай күші бар, халқым дегенде бір үзім нанын бөліп бере алатын нағыз жанашырлар. Осы алқалы топтың ішіне рухы аласармаған, алдына мақсат қоя білетін қазақ қыздарының батыр болмысы ерекше көзге түскен еді. Сондай топтың көшбасында өз ісінің шебері, кәсіпкерлік саласының алғашқы қарлығашы, Қармақшы кәсіпкерлерінің анасы атанған Шынар апа Махмутова тұрды.
Халқына қадірі артқан Шынар апаның саналы ғұмыры сауда саласымен, кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Әрбір таңы ізденумен, еңбектенумен атқан ананың «Ғасыр кәсіпкері», «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атануы – оның ерен еңбегіне берілген әділ де парасатты баға.
Наурыз мерекесіне орай аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы бастаған бір топ нәзікжандылар ел анасының шаңырағына арнайы барып, құттықтап қайтты. Әр салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер Нау­рыз дастарқанында шүйіркелесіп, көптен бергі сағыныштарын бас­ты. Елге танымал ардагер-дәрігер Қалыгүл Бәлібаева, белгілі кәсіпкерлер Үрзада Бекмұрзаева, Әсемкүл Сержанова, мәдениет саласының ардагері Үрзахия Болтайқызы, әлеуметтік саланың ардагері Зере Метерова, ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Сәрсенкүл Есқалиева және басқалары Шынар апаның тағылымды әңгімесін тыңдап, рухани тыныстап қалды.
–Үлкенге құрмет көрсету – кішінің міндеті. Ұлыстың ұлы күнінде аты аңызға айналған Шынар апамыздың шаңырағында болып, ол кісінің батасын алу – біздер үшін зор мәртебе. Анамыздың жүріп өткен жолы бәрімізге, әсіресе жастарымызға өнеге. Ондаған жас кәсіпкерлер апамызға қарап бой түзеп, кәсіп ашып, оның жемісін көруде. Қазірде де ол кісіден ақыл сұрап, кеңес алып жататындар аз емес. Анамызға ғасырдан ұзақ ғұмыр, денсаулық байлығын тілейміз. Ұрпағының, халқының ортасында ақылшы-анасы болып жүре берсін, – дейді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
22 наурыз 2022 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031