» » Жастар арасында «Qosyl думан» ұлттық ойындар сайысы өтті

Жастар арасында «Qosyl думан» ұлттық ойындар сайысы өтті



Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақжарма ауылдық округінде 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай кент және ауылдық округ жастарының басын қосқан «Qosyl думан» мерекелік шарасы өтті.
Мерекелік шарада ауыл жастары арқан тартыс, аударыспақ, теңге ілу, асық, гір көтеру сынды ұлттық спорттың түрлері бойынша сайысқа түсті.
Бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада командалық есеп бойынша І орынды – Қосшыңырау ауылдық округінің жастары жеңіп алса, ІІ орынды – Ақжарма, ІІІ орынды – Ақсуат ауылдық округінің жастары иемденді. Сайыс жеңімпаздарына алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара барысында қатысушылар мереке айшығының бірі болып саналатын ағаш отырғызу ісіне қатысып, ондаған түп көшет егілді. Көпшілікке Наурыз көже ұсынылып, бауырсақ таратылды.


19 наурыз 2022 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930