» » Қолөнер шеберлерінің көрмесі

Қолөнер шеберлерінің көрмесі

Жақында ұлттық дәстүріміз жанданып, ұлттық өнеріміздің алтын арқауының бірі саналатын қолөнерші­лер көрмесі ұйымдастырылды. Мұндай игі іс-шара «Ата кәсіп» деген атаумен ауданда биыл төртінші рет өткізілді. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Сейіткәрімқызының ұйымдастыруымен өткізілген көрмеде 40 шебер бас қосты.
Жыл сайын аталған іс-шара «Қауышу» (батыста «Көрісу») күні­не орай өткізіліп келеді. Ұлттық құн­дылықты ұлықтайтындар биыл да бұл дәстүрден жаңылған жоқ. Көрмені облыстық «Дәстүр» қолөнер шеберлерінің қоғамдық қорынан Айдана Әлайдарова, Қазақстан қолөнер шеберлер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі Азат Мырзаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева және басқа да аудан тұрғындары тамашалады.
– Есімді білгелі ұлттық өнермен айналысамын. Бұл біздің қанымызға сіңген дүние. Қолдан келсе болмысымызды айшықтайтын бұйымдарды осылайша көпшілікке көрсетіп тұрғанға не жетсін. Биылғы көрменің жаңалығы мол. Әрі сапалы дүниелердің қатары артқан. Ұлттық өнерді қолдаушы шеберлердің де саны көбейіп келеді. Осы ретте көрменің өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған «Адина» дүкендер желісінің иесі Нағима Тоқсанбаеваға, «Жасмин» дүкенінің иесі Бағила Несіпбаеваға, Ерғазы деген азаматқа алғысым шексіз. Ұлттық өнерге деген құрмет – елге деген құрмет екені сөзсіз, – дейді «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева.
Іс-шара соңында көрмеге келушілер музей залдарын аралап, өлке тарихымен де танысты. Түстері жоғары талғаммен үйлесім тапқан, әсем өрнекті, қолдың дәлдігі мен қиял ұшқырлығын ұштастырған өнерлі жандардың елге тартуы мұнымен толастар емес. Мұндай ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осылайша, қазаққа ортақ құндылықтар ұлықталып, көне дәстүрлер көздің қарашығындай сақталмақ.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
10 наурыз 2022 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930