Құрылтай
» » Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында кеден саласындағы мәселелер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.


Кедендік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР қаржы бірінші вице-министрі М. Сұлтанғазиев баяндады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда ҚХР-мен шекарадағы «Алтынкөл» және «Достық – Теміржол» теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
798897

«Қазіргі таңда 5 автожол өткізу пунктінің 4-і ашық және жүктерді қабылдап жатыр. «Қалжат» өткізу пункті бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр», деді ҚР қаржы бірінші вице-министрі. Үкімет ҚХР-дан ҚР-ға «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешті, ал электрондық кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.

Кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі қазіргі жағдайға байланысты туындайтын және болуы ықтимал сын-тегеуріндерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті. Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың келесі отырысы 9 наурызда өтеді.
08 наурыз 2022 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 030

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031