» » Қазақстанда республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылады

Қазақстанда республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылады

Қазақстанда республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады egemen.kz
«Сыртқы факторларға байланысты қалыптасып отырған экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданылады. Бірінші кезекте республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылатын болады», - деді Әлихан Смаиылов.
Министрдің айтуынша біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар оңтайландырылмақ.
«Осы бағыттар бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік органдар мен өңірлердің, квазимемлекеттік субъектілердің тиісті қадамдық әрекеттерінің Жол картасы бекітілді. Екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын ағымдағы жағдайдағы басымды емес шығыстар, жобалар мен шаралар және де жаңа жобалар, олардың ішіндегі кейінге қалдыру шартымен бюджетте қарастырылған жобалар. Сонымен қатар барлық әлеуметтік міндеттердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, инфляцияның коридорының қайта қарастырылуын ескере отырып – пенсия, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады», - деді ол.

10 наурыз 2020 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031