» » Жаңа лагерь балаларды қуантуға дайын ба?

Жаңа лагерь балаларды қуантуға дайын ба?

Қыс кетіп, көктем келді. Жүйрік уақыт өз дегеніне көндіріп, мезгіл ауып, сын сағаттар зырғып жатыр. Енді бір аттасақ, жайдары жаздың шуағына шомылмақпыз. Жаз басталар тұста балалардың жазғы демалысын жоспарлайтын уақыт келеді. Оның ең дұрыс шешімі – балаларды ауылдағы ата-әжесіне немесе жазғы лагерьге жіберу. Ал лагерь қыстың күні де жұмысын жалғастырып тұрса, ғажап қой. Қош. Біздің балаларды су жаңа лагерь қуанта ма?
Көптен күткен жаңа лагерьдің құрылысы аяқталып, ашылуына аз қалды. Көптің көкейінде жүрген де осы лагерьдің әу-жайы. «Қашан іске қосылады» деген сауалымызды қоюға аудандық білім бөліміне хабарластық. Олардың айтуынша, "Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь" объектісінің құрылыс жұмыстарына об­лыстық бюджет есебінен қаржы бөлінген.
– Бас мердігер "Промстрой­сер­вис-Е" ЖШС. 2017 жылдың 5 маусымында №157 келісім-шартқа отырылды. Келісімшарт құны 1 211 361 575 теңгені құрайды. Қазір нысанның шаруашылық ғимараты, ер және қыз балаларға арналған жатақхана ғимараттар, жылу қазандығы ғимараттарының құрылыс жұмыс­тары 90 процент аяқталды. Қалған құрылыс жұмыстарына 2021 жылы 787383,2 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратты ұстау шығындарына болжаммен штат саны 52,5 жалпы шығыны 152052,0 мың теңге, ғимаратты облыстық білім басқармасы қабылдап алып, аудандық білім бөлімінің балансына есепке береді, – дейді аудандық білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Гүлзия Дуйсембаева.
Ал жаңа лагерьдің ашылуын көп­тен бері күтіп жүрген жанның бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Арай Сахиева. Көпбалалы ана лагерь пайдалануға берілсе, балаларыма жақсы демалыс болар еді дейді.
– Балаға жақсы, жаңа орта керек. Егер ол жан-жағымен тез тіл табысып кете алатын болса, онда оның лагерьдегі әр күні қызықты өтеді. Әр жерден келген балалар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, балаңызбен әңгімелесіп, оның кез келген адаммен сөйлесу қабілетін дамытуына көмектеседі. Төрт балам бар. Ата-ана ретінде осы жаңа лагерьдің іске қосылуын асыға күтіп жүрміз, – дейді көпбалалы ана.
Жазғы лагерь – тек демалатын жер емес. Ол әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорт­тық ойындар ойнайды. Онымен қоса лагерьлерде бала­лар топпен жұмыс істеуге, көп­шіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. Түрлі ойындар, хормен ән айту, кешке би кеші – әрине, мұның бәрі жақсы. Бірақ лагерь баланың тәуелсіз болып жүретін жері. Себебі лагерьде бала ата-анасының қадағалауынсыз қалып, кішігірім шешімдерді өзі қабылдап, жеке жүріп дағдыланады. Демалыс орнында қыздардың шашын тарауға көмектесетін, ұлдардың заттары шашылып жатса жинап қоятын аналары болмайды. Міне, осындай ұсақ-түйек істерді балалар өздері істеп, ересектерше жүруге дағдыланады. Басында мұндай сәттер балаларға ұнамауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе мұндай жағдайдың өздеріне пайдасы болады. Ата-аналарға да балаларының есейіп, өз істеріне жауап беруге үйренгені тиімді.
Лагерьде баланың өз үйіндегідей жеке бөлмесі болмайды. Жалпы бөлмеден бөлек лагерьдегі барлық орындар топқа, көпшілікке арналған. Бір бөлмеде ұйықтау, бірге тамақтану, барлығы сол ортақ болуында емес пе?
Аудандағы жаңа лагерь алдағы уақытта пайдалануға берілмек. Ата-аналардың да, біздің де тілек сол, лагерь балаларды қуантса дейміз.
Айнұр ӘЛИ
01 наурыз 2022 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031