» » Қызылордадағы сәбилер үйінде «Тұзды шахта» бөлмесі ашылды

Қызылордадағы сәбилер үйінде «Тұзды шахта» бөлмесі ашылды


Қызылорда облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде «Тұзды шахта» бөлмесі ашылды.
Балаларға арналған тұзды шахта бөлмесі республика бойынша алғаш рет Сыр өңірінде ашылып отыр.
Осыған дейін «Еңбек-Жер» ЖШС төрағасы Шакизатхан Ысқақовтың туған жерге тағзым ретінде ауылында бірқатар жобаны қолға алғанын, бүгінде оның жерлестері жемісін көріп отырғанын бірнеше мәрте жазған едік. Қуантарлығы атпал азамат тапқан табысын елмен бөлісуді дәстүрге айналдырып келеді. Жуырда Еңбекте күндізгі бөлімдегі ауылдық емхана ұжымына жалпы құны 11 млн теңгені құрайтын УЗИ аппаратын төраға тарту етсе, бүгінде заманауи медициналық құрылғының игілігін ауыл халқы көріп отыр.
Кеше аймақтың бас шаһарынан тағы бір ақжолтай хабар келді. Аталған серіктестіктің төрағасы Шакизатхан Ысқақов облыс орталығындағы мамандандырылған сәбилер үйі жанынан «Тұзды шахта» бөлмесін ашуға қолғабыс етіпті. Балаларда кездесетін бірнеше дертке ем-дом жұмыстары жүргізілетін «Тұзды шахта» бөлмесінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексейтұлы қатысты.
Айта кетейік, облыстық мамандандырылған балар үйі жанынан ашылған бөлмеде балаларда кездесетін демікпе, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларына қарсы ем жүргізіледі. Мұнан бөлек галотерапия, псориаз, аллергиялық дерматит, экзема және тері ауруларының алдын алуда және иммундық жүйені жақсартуда аталған орталық қызметінің маңызы зор.
«Тұзды шахтада» балалардың жас ерекшеліктері бойынша галотерапиялық ем қабылдау уақыттары да әрқалай. Мәселен, 1-2 жас аралығындағы балаларға мұнда 10 минут ем жүргізілсе, 2-3 жас аралығындағы балаларға жүргізілетін емдік шаралар 20 минутқа дейін жалғасады. Ал 3 жастан бастап 30 минут болмақ.
Галотерапияның 1 курсы 10-12 сеансты құрайды және оны жылына 3-4 курсқа дейін алуға болады. «Тұзды шахтаның» сыйымдылығы – 12 шаршы метр, яғни бір уақытта 5 балаға дейін ем алуға толық мүмкіндік бар.
Сәбилер үйінің қызметкерлері балалар арасында кездесетін бірнеше ауруға қарсы ем жүргізілетін бөлмені ашу осыдан 2 жыл бұрын жоспарланғанын айтады. Десе де оған қаржы тапшылығы қолбайлау болған көрінеді. Бұл мәселенің шешімін табуға төрағаның жомарттығы басты себеп болып отыр. Ондағы мамандардың атпал азаматқа алғыс білдіруі де сондықтан.


25 ақпан 2022 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930