» » 1 наурыздан әскерге шақыру науқаны басталады

1 наурыздан әскерге шақыру науқаны басталады

Қазақстанда наурыздың бірінен бастап Ұлттық ұланға әскер қабылдау жұмысы басталады. Бұл туралы ОКҚ алаңында еліміздің Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Осы жылғы 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктерінде әкімдердің орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. 1 шілдеге дейін Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатарын 17 мыңнан астам әскерге шақырушы толықтырады. Қолданыстағы заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босауға негіз жоқ 18-27 жасқа дейінгі ҚР азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады», деді департамент бастығы.
Азаматтарды әскерге шақырту электронды үкімет порталы және смс хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.
«2021 жылғы көктемгі әскерге шақырудан бастап, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып саналады. Олар азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Аталған қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты. Әскерге шақырушыларды хабардар етіп, смс хабарламалар тарату, сондай-ақ, үй және қызметтік мекенжайлары бойынша жеке шақыру қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асады», деді Сәкен Сауытбайұлы.



25 ақпан 2022 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930