» » Сүлейлер салған сара жол

Сүлейлер салған сара жол

Ұрпағына кең байтақ жазира даласымен қоса, оны сазды әуенімен мәңгілік тербетіп жатар рухани байлығы - дәстүрлі жыраулық өнерін, ән менен жырын аманат еткен ата- бабаларымыз рухына қалай және қандай құрмет жасасақ та артық емес.
Осы орайда ұлттық мәдениетімізді дамытып, насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық өнеріміз бен Ұлы тұлғаларымызды дәріптеу мақсатында Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы Ақжар ауылдық клуб үйінде "Рүстембек жырау" үйірмесінің жетекшісі Балтабай Бедебаевтың ұйымдастыруымен Сыр сүлейі Сәрсенбай Бөртебайұлының мұрагері ұрпағы Алшынбек Сәрсенбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай "Сүлейлер салған сара жол..." атты танымдық кеш өткізілді. Кешке Алшынбек жыраудың бел баласы аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің ұстазы, жырау Амантай Сәрсенбаев арнайы қатысты. Жас шәкірттер жырдан шашу шашып, кеш ажарын аша түсті.
Біздің мақсатымыз - жастарымыздың Ұлы тұлғаларды еске түсіріп, ұлттық дәстүрлі жыраулық өнерімізді есте сақтауы, бойына сіңіруі - елдігіміздің белгісі.

24 ақпан 2022 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031