» » Ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды

Ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды



Кеше аудан әкімінің орынбасары Еркінбек Жандос ІІІ Интернационал, Жосалы, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің есебіне қатысты.
Ауыл әкімдері бір жылда атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарларын баяндады.
Сондай-ақ, кездесуде тұрғындарды толғандырған мәселелер кеңінен талқыланып, елді мекендерді дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстар сараланды.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркінбек тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің шешілу жолдары бойынша нақты жауаптарын берді. Кейбір мәселелерді зерттеу қажеттігін айтып, бөлім басшысыларына тапсырма берді. Сондай-ақ, бірден барлық мәселені шешуге бюджеттің мүмкіндігі жетпейтініне назар аударып, тұрғындарды түсіністік танытуға шақырды.
Былтырғы жылы ІІІ Интернационал ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 көше жөндеуден өткізілді. Қармақшы ауылдық округінде аяқ су келтіру мақсатында Сырдария өзенінен 5,3 шақырым қашықтықта Қасқыр Наметша каналын қазу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауылдық окугтерде жергілікті әкімдіктің сүйемелдеуімен тұрғындарға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында несиелендіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Биылғы жылы Қармақшы ауылының 2 көшесі мен Жосалы ауылының Жеңіс көшесін орташа жөндеуге және Жосалы ауылындағы «Балалар ойыны және спорттық тренажер алаңының» құрылысы салуға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңға аталған жобаларды іске асыруға қаржы қарастырылуда.

17 ақпан 2022 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 502

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930